Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада егде жастағы әйел бір айда 106 рет жедел жәрдем шақырған

Астанада 86 жастағы кейуана бір айда 106 рет жедел жәрдем шақыртыпты. Ол көптеген созылмалы аурудан зардап шегеді екен.

Астанада егде жастағы әйел бір айда 106 рет жедел жәрдем шақырған

Қалалық жедел жәрдем стансасының шұғыл ақпараттық диспетчерлік бөлімнің меңгерушісі Бота Сәдетханның сөзінше, дәрігерлер кейуананың мекен жайын жаттап алып, ол шақырған кезде үнемі барады екен, деп хабарлайды «Елорда Инфоға» сілтеме жасап Stan.kz.

Өз сөзінде Бота Сәдетхан кейуана көкірек қуысының ауыратынын айтып шығамданған. Сондықтан жедел жәрдем қызметкерлеріне оның кезекті қоңырауларын жауапсыз қалдыруға болмаған.

Сонымен қатар ол егде жастағы әйелдің қарттар үйіне жіберлігенін айтты. Қазіргі уақытта кейуана жедел жәрдемге қоңырау шалмайтын болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау