Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада адам ұрлап, қомақты қаржысын тартып алған ОҚО-ның 3 азаматы ұсталды

23 желтоқсан күні 21 жастағы Астана тұрғыны полицияға хабарласқан болатын. Ол бір күн бойы әлдекімдердің қала пәтерлерінің бірінде ақшалай және жеке мүлкін иелену үшін қоқан-лоқы көрсеткенін айтқан.

image23384641_829e9c2de93f00c42dd0d987d170abab

Содан кейін олар жігіттің Ресейден көлік алуға келе жатқан танысы жайлы біліп қалып, оны да сол пәтерге күштеп әкелген. Сөйтіп, Ресей азаматынының да 1,5 миллион рубль ақшасын алып қойған.

Аталған іске сәйкес бұрын сотталған 27 жастағы, 30 жастағы және 21 жастағы ОҚО тұрғындары ұсталды. ҚР ҚК 125 бабы (адам ұрлау ісі) және 194 бабына сәйкес (бопсалау ісі) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Аталған қылмыстық іс бойынша қандай шаралар қолданылатыны анықталып жатыр. Сондай-ақ, Астана аумағында болған басқа да қылмыстық істерге қатысы тексерілуде.

Талқылау