Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны: Есірткі шегетіндерге шағымданғаным үшін полицейлер менің қолымды бұрап сындырды

Астана қаласының тұрғыны аулада есірткі шегетіндерге шағымданамын деп, қолын сындырды. Айтуынша, полицейлер анаша шегетіндерді емес, өзінің қолын бұрап сындырған.

m0BPnKjv46bWh57EuGbbNF7YYXOXVv

Тіпті сақшылар басқа да қылмыстарға итермелеп келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Астана арнасы.

28 жастағы Данияр Ысқақовтың айтуынша, көрші 4 жігіт анаша шегіп, мазаны алатын көрінеді. Жағдай қайталана берген соң, өзге көршілері тәртіп сақшыларын шақырған.

Алайда, Даниярдың айтуынша, сақшылар келгенімен, шөп шеккен адамдардың ісін елемеген. Бұған көңілі толмаған ол сақшылардың шара қолдануын сұрайды. “Сол сәтте полицейлер өзіме шабуыл жасап, қолымды бұрап сындырды”, – дейді.

Мұны Даниярдың әйелі телефонына түсіріп алған.

“Келсем, мына жерде төбелес басталып жатыр. Аналар тиісе бастады жолдасыма, мына жерде қылқындырып, сосын мен милицияны шақыра бастадым. Келді де, мыналарды алып кетті. Алып кеткенімен, қайтадан есікті тартып сындырды. Сосын басталды әрі қарай”, – дейді жәбірленушінің әйелі Динара Бисекенова.

“Милицияны шақырғанда менің әйелім, сол кезде милициялар келіп, мен кімнің атына шақырдым, соларды алып кетпей, менің қолымды қайырып сындырып, ұрып, мені қылмыскер ретінде машинаға салып, алып кетті. Сосын ар жақта қинады кішікене. Скорый шақырмады. Сосын айтты сені отырғызамыз деп”, – дейді жәбірленуші Данияр Искаков.

“Егер дүкендерден қажетті заттарын ұрлап бермесем, қылмыстық іс ілеміз деп, қоқан-лоққы жасайды”, – дейді.

“Сарыарқа ауданының оперуполномоченныйлары, әйелім ауылда болғанда қорқытып, мені кішкентай ұрлықтарға жіберіп, сосын по примерению сторон дей ма, прекращали дело, өз статистикаларын көтеру үшін. Сөйткен де, сосын істі жауып, прокуратураға тапысырған”, – дейді Данияр Искаков.

Прокуратураға жазғанда прокуратура көтеріп, соның бәрін, ештеңе істемеген олар. Полицейлерден жәбір көрген Данияр Ысқақов ІІД мен Бас прокуратураға да арызданған. Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы: ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабы бойынша іс тіркелген болатын. Және де жан-жақты тексеріс өзіндік қауіпсіздік басқармасында тексеру жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Қостанайлық психиатрды өлтірді деп айыпталған дәрігер бас дәрігерді де өлтіруге тапсырыс берген

Испанияда адамдар бірінің үстіне бірі мініп мұнара тұрғызды (видео)

Алматы зообағының бар қарызын жауып берген кәсіпкер өзін сынағандарға жауап берді

Талқылау