Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Астана» мен «Бенфика» тең түсті

Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында өткен «Астана» мен «Бенфика» командаларының кездесуі 2:2 есебімен аяқталды.

астана

Айта кетейік, «Астана Арена» стадионында өткен ойынның алғашқы 30-шы минутында «Астана» 2:0 есебімен алда келе жатқан. Алдымен кездесудің 19-шы минутында Патрик Твумаси есеп ашса, ойынның 30-шы минутында «Астана» сапынан Аничич есепті еселеген.

астана222

Бірақ көп ұзамай «Бенфика» «Астананың» есептегі басымдығына есе қайтара білді. Ойынның 40-шы минутында португалдықтар сапынан Рауль Хименес гол соғып, есепті 2:1-ге жеткізді. Ал кездесудің 72-ші минутында қарсыластар сапында Рауль Хименес дубль авторы атанды.

Осы ойыннан кейін «Бенфика» С тобында он ұпаймен көш бастап келеді. «Астана» командасы болса, үш балл жинап, төртінші орында тұр.

Талқылау