Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана” – “Бенфик” кездесуінде бағалы сыйлық ойнатылмайтын болды

УЕФА “Астана” мен “Бенфик” кездесуін ұйымдастырушыларына бағалы сыйлық ойнатуға рұқсат бермеді, – деп хабарлайды КазИнформ.

 

25 қарашада “Астана Аренада” сағат 21:00-де «Астана» мен «Бенфик» командаларының кездесуі өтеді. Ұйымдастырушылар кездесуде бағалы сыйлықтар ойнатпақшы болған. Алайда УЕФА ұйымдастырушылардың бұл шараны іске асыруға рұқсат етпеді.

“Өкінішке орай, УЕФА бұл сайыста бағалы сыйлықтардың  ойнатылуға рұқсат бермеді. Сондықтан оны өткізбетін болдық” – деп хабарлаған. Есесіне олар “Астана”- “Бенфик” жарысына екі билет алса, үшіншісі тегін беретін болды.

 

Талқылау