«Астана арландары» биылғы маусымда бірінші рет жеңіліске ұшырады

Ташкент төрінде Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының алтыншы маусымы аясында «Өзбек жолбарыстары» («Uzbek Tigers») командасымен кездескен «Астана арландары» 4-1 есебімен ұтылып қалды.

06-9_cd7b88cd

Сурет time.kz

Бұл туралы sports.kz сайты хабарлайды.

Шаршы алаңға ең бірінші болып көтерілген Теміртас Жүсіпов (49 келі) Хасанбой Дусматовқа 0:3 (45:50, 45:50, 45:50) есебімен есе жіберді. Одан кейін шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Мейірболат Тойытов та (56 келі) Абдулхай Шарахматовқа төтеп бере алмады.

64 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан Асхат Уәлиханов (64 келі) Фазлиддин Мелибоевтен ұтылды. Ал Еркін Мұхамеджан (91 келі) өзбек боксшысы Мирзабек Хасановтің жолын кесуге қауқары жетпеді. Астана арландары сапынан тек Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) қана қарсыласы Хуршид Норматовтан басым түсті.

Астана арландары енді 4 наурыз күні «Azerbaijan Baku Fires» боксшыларымен шаршы алаңда кездесетін болады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар