Астана аялдамаларының “моншаға” айналып кеткеніне тұрғындар наразылық танытты

Бейсенбі, 14 Шілде , 2016 7:51

Астанада бюджеттің миллиондары жұмсалған мақтаулы аялдамалар жұртты аптан ыстықтан қорғай алмады. Өйткені, жарнамасы жер жарған қымбат павильондарда кондиционер атымен жоқ. Сондықтан қайнаған аялдаманы жолаушылар “монша” деп атап кеткен. Бұл туралы КТК хабарлайды.

photo_189911

Далада +32 градус, ал бұл аялдаманың ішінде сынап бағанасы +35 градусты көрсетіп тұр. Мүлдем ауа жоқ. Қапырық. Сондықтан ыстыққа шыдамай басы айналған адамдар автобусын сыртта күтуге мәжбүр.

“Естігенбіз қымбат екенін аялдаманың. Есік ашық тұр ғой. Есік жабылып қалса отыру мүмкін емес отыру. “Монша –парилка” боп кетеді”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Ысқақ Мәкешов.

Осы “моншада” Ысқақ Мәкешов те ұзақ отыра алмады. Бір қызығы, Астананың бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков мақтаулы нысанда жазда кондиционер болады деп сендірген. Әйтсе де, жоспар аяқ-асты өзгеріп салқындатқыш енді жаңадан тұрғызылатын аялдамаларға орнатылмақшы екен. Бұл шаруа үшін бюджеттен тағы қаржы бөлініп қойған.

Ал былтыр салынған павильондардың жылытатын пеші, интернеті, камерасы болғанымен, кондиционерге ақша жетпей қалғанға ұқсайды. Елорда әкімдігі салқындатқыш жобада мүлдем қарастырылмаған, тек желдеткіш қойылған деп ақталып отыр. Бірақ онысы да істеп тұрған жоқ.

Жалпы, жолаушыларды Астананың ақ түтек боранынан қорғайды делінген бұл аялдаманың басынан дау арылмай-ақ қойды. Алғашқы аязға шыдамай есігі сынып, электронды тақтайшасы істен шыққан. Ал мұндай аялдаманың бағасы арзан емес. Шенеуніктер оның әрқайсысына бюджеттің 10 миллион теңгесін жұмсаған. Осы кезде,Ресейдің Краснояр қаласында дәл осындай аялдаманың құны 3 есе арзанға салыныпты.

Шыжыған ыстықтан есі шыққан елордалықтар қазір бала-шағасымен субұрқақ суына шомылып жүр. Осылайша, шақырайған күннің қызуынан әркім өз бетінше қорғанып әлек. Тек қан қысымы бар тұрғындар үйінде қамалып отыруға мәжбүр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар