Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай Баян Есентаеваға “КешYou” қыздарына тұрмысқа шығуға рұқсат беруді ұсынды

Асхат Садырбай «КешYou» тобының жаңа құрамына сәттілік тілеп, топ продюсері Баян Есентаева ерекше ұсыныс жасады.

keshyou_080217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, «тұрмысқа шығуға болмайды» деген тыйым арқылы қыздарды ұстап қалу мүмкін емес. Сол себепті тележурналист продюсерлік орталықтың талаптарын өзгертуді ұсынды.

«Гёлзбендтің құрамы қанша ауысса да аты жоғалмай келе жатқан санаулы топтардың бірі. Бұл қыздардың вокалдық шеберлігіне сөз жоқ. Бірақ жастары… Баян Мақсатқызы топ мүшелеріне ерте күйеуге шығуға рұқсат бермесе де қыздар теңдерін тез тауып кетіп жатыр. Оларды қайта-қайта ауыстыра беру де оңай емес қой. Баян Мақсатқызы, сізге ұсынысым, “КешYou” тобына келген қыздарға тұрмысқа қалаған уақытында шығуға рұқсат. Бірақ тұрмыс құрған соң күйеуімен (немесе баласымен) дуэт құрып, отбасылық дуэт жасау міндетті деген талап қойылса қалай болар екен?» – дейді Садырбай.

Тележүргізуші Қазақстан эстрадасында отбасылық дуэттердің сұранысқа кеңінен ие екенін айтты. Бұл ретте қалжыңдап отырғанын да тілге тиек етті.

«Несі бар бізде отбасылық шоу-бизнес өте жақсы дамыған, отбасылық дуэт трендте. Ойланып көріңізші. (достық әзіл) Топқа сәттілік тілеймін», – деп түйіндеді ол.

Бұл ретте желі қолданушылары Асхат Садырбайдың пікіріне таңғалды. Көпшілік КешYou тобының енді бұрынғыдай болмайтынын айтып жатты.

“Үнемі шындықты айтатын Асхат неге бұл жолы әзілдеп қоя салды екен? Мәні де мағынасы да кетіп бара жатқан топқа сын айтуға батылыңыз жетпеді ме әлде шынымен ешқандай сын таппай қалдыңыз ба?”, “Топтың мәні қалмады”, “Бұрынғы Айдана, Жанар, Кәмшат күшті еді. Өңкей дауысы жоқтарды жинапты”, “Топтың жақында ғана Қытайда ән салғанын көрдік, Элизаттың дауысы расымен мүлдем келмеді, Балжан ғана алға сүйреп жүр”, “Түк те қызық емес”, – деп пікір білдірді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Оттың ортасында Тәуекел Мүсіліммен сүйіскен Жанар Дұғалова жұрттың ашуына тиді (видео)

БАҚ: Димаш Құдайбергенов қытай әнін акцентсіз орындады (видео)

Таңғажайып танымалдылыққа ие болған Димаш туралы деректі фильм түсіріледі

Баян Мақсатқызы: Біз екеуміз екі отбасынан бөлініп қосылмақпыз

Талқылау