Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери институт курсанты диплом тапсыру рәсімі кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Петропавлда әскер институт түлектеріне диплом тапсыру рәсімі кезінде курсант Асхат Сайрамбаев сүйген қызына ұсыныс жасады. Бойжеткен келісімін бергеннен кейін ол оның саусағына жүзік салды.

2551087

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтында салтанатты жағдайда 209 түлекке диплом мен лейтенаттық погондар тапсырылды. Оның алтауы әскери институтты үздік бітірді, ал тағы бір түлекке “Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін” төсбелгісі табыс етілді.

“Бүгін біз әскери институттан 17-ші рет офицерлерді оқытып шығарып отырмыз. Сондай-ақ, бесінші жыл басқа елдердің азаматтары бітіріп жатыр. Қазақстандық түлектерден басқа биыл Тәжікстанның тоғыз және Қырғыз елінің бес азаматы диплом алды. Барлықтарыңыз Ұлттық ұлан әскерлерінің, сондай-ақ өз елдеріңіздің Қарулы күштерінің қатарында абыройлы қызмет етесіздер деп сенеміз”, — деді диплом тапсыру рәсімі барысында мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрағасы генерал-майор Альберт Маткәрімов.

2551091

Баспасөз қызметі хабарлағандай, барлығы жиырма жылда Әскери институт ел әскері үшін 3100-ден офицер дайындаған.

Оқи отырыңыз:

Астанадағы шектен тыс ыстық ауа-райына байланысты көшелерде тегін су таратылып жатыр

Туған қаласына сыйлық: Бағдат Мусин өз ақшасына Екібастұзда мектеп ашып берді

Батыстық тілші Астананы “айдаладағы елорда” деп ЭКСПО-ны сынап тастады

Шартты мерзім: Теміртауда 15 жастағы қызды зорлап, жыныстық ауру жұқтырып кеткен

Талқылау