Аша мен Арман болашақ сәбилеріне бөлме әзірлеп жатыр (фото)

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 17:12

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев болашақ сәбилеріне бөлме әзірлеп жатыр. Олар тіпті оған арнап төсек сатып алған екен. Аша инстаграм парақшасы арқылы сәбиінің төсегінің суретін көрсетіп, оның ерекшеліктері туралы айтып берді. Айтуынша, мұндай төсекті бала 8 жасқа толғанша пайдалануға болады екен.

Аша

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қайырлы кеш, игі жақсылар! Бұл жазбамды болашақ әкелер мен аналарға арнаймын. Мен алған сәби төсегі ана мен перзентінің арасын жақындастыруға арналған. Сәбиге төсектің кез келген бөлігінен жақындауыңызға болады. Мұнымен қатар, дөңгелектерінің арқасында оны бөлме ішінде еркін жылжыта аласыз. Оны бала 8 жасқа толғанша пайдалануыңызға болады. Ал 8 жылдан кейін 2 стильді креслоға айналдырсаңыз болады. Бірақ біз секілді болашақ аналарға бұдан да маңызды дүниелер бар. Ол – қауіпсіздік, сапа және беріктік. Төсек бүк ағашының сілемдерінен жасалған. Өндіріс кезінде аллергия тудырмайтын бояулар қолданылған”, – дейді Аша Матай.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары Ашаның әрекетін сынады. Оған сәби дүниеге келмей жатып зат сатып алуға болмайтынын жеткізді. “Негізі қазақта “Бала дүниеге келмей жатып зат сатып алуға болмайды деген ырым бар”, “Аша, кішкене бөпенің бөлмесіне айна қоюға болмайды. Әйтпесе, ол шошитын болады”, “Күйеуіңнің ата-анасы бәрін өз қалауыңа сай сатып алып жатқаныңа ренжімеді ме? Қалай десек те, бұл олардың тұңғыш немересі ғой” дейді желі қолданушылары.

ашаарман

Енді бір желі қолданушылары керісінше Ашаны жақтай түсті. Оны қорғап сөйледі. “Жаным сол Аша, аман-есен босануыңа тілектеспін. Бәрі жақсы болады. Көп уайымдай берме. Арман екеуіңе баянды махаббат тілеймін. Сізді ерекше сыйлаймын. Ешкімнің пікіріне назар аудармаңыз”, “Осы адамдар біртүрлі. Сәбиді үйге алып келгенде, ол қайда ұйықтайды. Балаға не болатынын бір Алла ғана біледі. Сондықтан әр нәрсеге сене бермей, Алладан сәбидің амандығын тілейікші” дейді желі қолданушыларының бірі.


Жіберіп алмаңыз:

Роза Әлқожа ұйымдастырған байқауда астаналық ару жеңіске жетті (фото)

Санда 10 жыл бойы көрмеген әкесімен жүздескенде көзіне жас алғанын айтты

Жазира Байырбекова: 20 күн қатарынан тойда жүретін кездеріміз болады

Төреғали “Алло” әнін жазып берген досына Gelandewagen тарту етті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар