Арыстанбек Мұхамедиұлы Пхенчхан-2018 Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды қолдауға келді
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық спортшыларды қолдау үшін, Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарына барды. Ол Пхенчхандағы Олимпиадада АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенспен және Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инмен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы министрдің өзі Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
“Пхенчхандағы Олимпиада АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенспен және Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инмен кездесудің тамаша мүмкіндігі болды.
Аса мәртебелінің және оның жұбайының орындары менің арт жағымда және Майкл Пенске көршілес орналасқан.
Осындай тамаша компания арасында өзіміздің қазақстандық спортшыларға қолдау бідіріп жатырмыз”, – деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Айта кетсек, Пхенсханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық 46 спортшы еліміздің намысын қорғауда.
Оқи отырыңыз:
Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына қайта тағайындалды
Пхенчхан-2018 Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың өнер көрсету кестесі
Америкалық боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
Әйгілі футболшы Месси Астанада өтетін жолдастық кездесуге келуі мүмкін

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
