Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына қайта тағайындалды

Бүгін, 10-ақпан күні Астана Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиын барысында Әділбек Жақсыбеков федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды.

Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлайды.

Еске салайық, қаңтар айында бұған дейін федерацияны басқарып келген Сейілдә Байшақов өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Конференция барысында Байшақовқа “Қазақстан футбол федерациясының құрметті қайраткері” атағы берілді.

“Мен үшін бұл үлкен құрмет. Сенім артқандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғысымды білдіремін. Бірақ 10-қаңтар күні мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. ҚФФ-ның кезектен тыс конференциясында менің өтінішімді қабылдағы Атқарушы комитеттің өкілдеріне алғысымды білдерімін”, – деді Байшақов.

Айта кетейік, 18-қаңтар күні аймақтың футбол федерациясының өкілдері Әділбек Жақсыбековтың Қазақстан футбол федерациясының президенттік қызметіне ұсынған еді. Жақсыбековтың кандидатурасы бірден мақұлданды.

Әділбек Жақсыбеков бұған дейін де 2007 және 2017 жылдар аралығында ҚФФ-ның президенті қызметін атқарды. Қазір 63 жастағы саясаткер Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының да президенті.

Оқи отырыңыз:

Пхенчхан-2018 Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың өнер көрсету кестесі

Америкалық боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Әйгілі футболшы Месси Астанада өтетін жолдастық кездесуге келуі мүмкін

Олимпиада-2018 ашылу салтанатында Қазақстанның туын “Алтын адам” алып жүрді

Талқылау