Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Орта салмақ дәрежесіндегі америкалық боксшы Джермалл Чарло әйгілі боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Келесі жолы кіммен айқасқа түскім келетінін білгілеріңіз келе ме? Мен Головкинмен және үлкен «Канеломен» жекпе-жекке шыққым келеді. Үлкен төбелес көрсетіп, оны өз қаламда өткізсем деймін», – дейді Джермалл Dontae’s Boxing Nation басылымына берген сұхбатында.

Айта кетсек, Джермалл Чарло 3 наурызда WBC нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін өзінің отандасы Уго Сентеномен айқасатын болады.

Оқи отырыңыз:

Әйгілі футболшы Месси Астанада өтетін жолдастық кездесуге келуі мүмкін

Олимпиада-2018 ашылу салтанатында Қазақстанның туын “Алтын адам” алып жүрді

60 жастағы ер адам Ақтау тұрғындарын спорттық шайқасқа шақырды (видео) 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы: Илья Ильин спорт алаңына қайта оралады 

Талқылау