Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі футболшы Месси Астанада өтетін жолдастық кездесуге келуі мүмкін

Ағымдағы жылы 4 маусымда Қазақстан және Аргентина құрамалары жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Сондай-ақ, AS газетінің мәліметінше, аталған кездесу Астана қаласында өтуі ықтимал.

Айта кетсек, 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын командалар 4 маусымға дейін өтінім бере алады. Сондықтан Аргентина құрамасының бас жаттықтырушысы Хорхе Сампаоли аталған кездесуге кеңейтілген құрам ретінде 30-дан 35-ке дейін немесе “қысқартылған” құрам ретінде 23 ойыншыны араластыруы мүмкін.

Ал Ресейде өтетін әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Исландия, Хорватия, Нигерия құрамаларымен бір топта ойын көрсетеді.

Оқи отырыңыз:

Олимпиада-2018 ашылу салтанатында Қазақстанның туын “Алтын адам” алып жүрді

60 жастағы ер адам Ақтау тұрғындарын спорттық шайқасқа шақырды (видео) 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы: Илья Ильин спорт алаңына қайта оралады 

Ақтөбеде жалақы алмаған тәрбиешілер білім бөліміне басып кірді 

Талқылау