Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі туралы жасалған әзіл роликке әзілмен жауап берді (видео)

Бірер күн бұрын отандық БАҚ-та ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына бағытталған ролик пайда болды. Онда министрдің үкіметтегі баспасөз мәслихаты кезінде Универсиада жеңімпаздарын таныстыруы тиістігі айтылған.

photo-mukhamediuly-3852783

Аталмыш бейнежазбаны kazday.kz сайты жария еткен.

“Бұл кездесуге мәдениет және спорт министрі қатысуы тиіс болған. Бірақ, ол мұнда тек өзінің әріптестерін жібере салыпты. Олар өз баяндамаларында Қазақстан президентінің жолдауын оқып, талқылады. Универсиадада жеңімпаз атанған спортшылар туралы ешкім ештеңе деген жоқ. Соңына таман журналистер министрлік өкілдеріне адуынды сұрақтарды қарша боратты. Олардың барлығын министрдің қайда жүргені қызықтырды”, – делінген ролик сюжетінде.

Ал 13 ақпан күні, кешке министр әлеуметтік желідегі парақшасында аталмыш жағдайға қатысты түсініктеме берді.

“Роликтің музыкасын өте керемет таңдап алған. Тек бәрін басқа арнаға бұрып жібергені өкінішті. Бұл шын мәнінде ҚР президентінің жолдауына арналған брифинг болатын. Ол премьер-министр кеңсесінде өтті. Ал Универсиадада жеңімпаз атанып, ел мерейін асқақтатқан спортшыларды салтанатты марапаттау кеші наурыз айының басында өткізіледі. Бірақ, сонда да ролик авторына шығармашылық ізденісі мен әзілі, біздің ісімізге аударған назары үшін рахмет айтамын. Көңілімді көтерді”, – деп жазады министр.

Оқи отырыңыз:

Тасмағамбетов Ресейге жұмыс істеуге жіберілді

Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады

Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Талқылау