Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артур Төлепов: Болашақ жарымның “светская” болуы шарт емес

Артур Төлепов соңғы жаңалықтарын жария етті. Актер биыл үйленіп, отбасын құруға ниет білдіріп жүр екен.  Мұнымен қатар, актер болашақ жарының қандай болғанын қалайтынын айтып қалды.

16583169_182320142254964_2291627844284973056_n

Фото: instagram.com/arturtolepov/?hl=ru

Бұл туралы Ikerim.kz басылымы хабарлайды.

Оны ел «Жау жүрек мың бала» фильміндегі Ілияс мұғалім образы арқылы актер ретінде таныды, бүгінде өз тыңдармандары қалыптасқан әнші. Мәдени шаралардан тізгінші ретінде де жиі байқап қаламыз. Бір сөзбен айтқанда, дарынын шыңдап, шығармашылығын дамытып жүрген жан-жақты азамат.

– Бұрынғы продюсеріңіз Жанна Әбуова телебағдарламалардың бірінде сізге деген өкпесін  айтып қалған болатын. Сіздің өзінен кетіп қалғаныңызға ренжулі секілді. Ол кісінің көңілін қалдыратын жағдай қалай орын алып жүр? Қазір Жанна ханыммен қарым-қатынастарыңыз қалай?

– Жанна ханыммен болған әңгімені қысқаша былай қайырайын. Қазіргі таңда бәрі жақсы. Қарым-қатынасымыз жақсы деп айта аламын.

– Мұхамеджан Тазабековтің «Өтімді жігіттің үйленбей жүргенінің өзі – қыздарға проблема» дегені бар. Артур Төлепов қыздарды проблемадан қашан құтқарады?

– Иә, Мұхамеджан ағамыз өте орынды тауып айтқан. Жақында 11 қаңтарда 26 жасқа толдым. Сонда барлығы құттықтап, тілектерін айтқаннан кейін «Қашан үйленесің?», «Отбасын қашан құрасың?» деген сыңайлы сұрақты жаудырды. Бәрінің қозғайтыны осы тақырып  . Шыны керек, осы жылы үйленемін деген мақсат қойылды. Құдай қаласа көреміз. Бәрі Алланың қалауымен. Бірақ ниет бар.

– Бір мемлекеттің министрі балмұздақ сататын қызға үйленген екен. Сіз де мүмкіндіктеріне қарамай қызға ғашық бола аласыз ба? Жоқ әлде таңдауыңыз түскен ару оқыған, тәрбиелі, бірнеше тіл білетін, «светская» болуы керек пе?

– Жо-жоқ, «светская» болуы керек емес . Өнерден де қыз іздеп жүрген жоқпын. Енді жігіттер не дейді? Бізге осындай қыз жолықса, тәрбиелі қыз жолықса, ақылды, инабатты болса дейсің, барлығы белгілі ғой. Сол енді «үйреншікті жауап» дей ме? Солардың қатарына мен де қосыламын. Бастысы, ата-анамды сыйласа, өзімді сыйласа сол жеткілікті. Бірақ «светская» болуы шарт емес.

– Жалғыз қалғанда не ойлайсыз?

– Жалғыз қалғанда мен не ойламаймын?! Соңғы кездері уайым көп. Не болады? Қалай болады? Не істеуім керек? Не істелді? Осы секілді сұрақтар жиі мазалайды. Көбіне осы уайымға түскен кезде көлігіме отырамын да тау жаққа қарай бас саламын. Таңертең болсын, түсте болсын, бірақ көбіне кешкі уақыттарда жалғыз қалып ойға батамын. Жаз мезгілі болса Медеу, Шымбұлақ жаққа шығып кетемін. Сонымен ойланып жүремін. Кей кезде өз-өзіме айтып қоямын «Барлығы жақсы, не ойланып жүрмін?» деп. Енді өзім адам әрқашан шабыттанып жүру керек, ойланып жүру керек деп есептеймін. Өзіне, ісіне жауап беруі керек. Осы тұрғыда уайым көп.


Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов су жаңа автокөлігін көрсетіп мақтанды (видео)

Қытай қыздары Димашқа “күн көрсетпей” жүр (фото, видео)

Әли Оқапов жұртты бейәдеп қылығымен шошытып алды (фото)

Ерке Есмахан: Тек еңбектің арқасында әдемі қызға айналдым

Талқылау