Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов жұртты бейәдеп қылығымен шошытып алды (фото)

Әли Оқапов алғаш рет “ұятмендердің” назарына ілікті. Ол тыңдармандарын бейәдеп қылығымен шошытып алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Окапов-170217

Еңбекқор өнерпаз бірнеше жылдан бері демалыссыз жұмыс істеп келе жатқанын айтқан болатын. Әли дәл қазір “RinGo World” ұжымымен бірге Таиландта демалып жатыр.

Ол күн сайын демалыс сәттерін өзінің желідегі парақшасына жариялауда.

Али Окапов-170217

Күні кеше желіде Әлидің белгісіз қызды арқалап тұрған суреті пайда болды. Желі қолданушылары Әли мен оның жанындағы қызды аямай сынап тастады.

Көпшіліктің пікірінше, Әли – кез келген ортада өзін лайықты түрде ұстай білетін өте әдепті жігіт. Сондықтан да болар, желі қолданушыларының басым бөлігі бұл жерде бар кінәні бойжеткенге жауып отыр.

Желі оқырмандарының пікіріне сүйенсек, Әлидің арқасына “мініп” алған қыз Мәдина Аманова есімді журналист қыз.

“Көргенсіз дейді мұндайды, қандай жиіркенішті, Әли балам-ау не болды?”, “Тілі сұмдық ұзын екен, Роза әпкеміздің ұлдарын өте жақсы тәрбиелегені байқалады. Ал тілі ұзын қыз сол отбасының тәрбиесіне лайық болса, отбасы берекесін ұстайтын қыз болса бастысы”, “Тілін бекер шығарған, суретті құртып тұр”, “Ту, мына қыз әп-әдемі суретті әбіржітіп, ең болмағанда тілін шығармай түссе ғой”, “Елдің бәрі ана қыздың тілін байқап, Әлидің бақытты екенін ешкім байқамапты”, “Масқара, мына фото ыңғайсыз екен, Роза апамыз қалай қарайды екен бұған? Болашақ келін ба? Кім болса да қазақ қызына сай емес”, – дейді желі оқырмандарының бір легі.

Алайда жастық шақта мұндай істердің жарасатынын айтқандар да аз емес.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген “Adagio” әнімен алтыншы кезеңде жеңіске жетті

Ерке Есмахан: Тек еңбектің арқасында әдемі қызға айналдым

Тәуекел Мүсілім әкесінің қылмыс әлеміндегі “белді” тұлға болғанын мойындады

Жұлдызай Дүйсенбиева “Алдараспанға” қайтып келетін болды

Талқылау