Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арты қарға ұласады: Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Синоптиктер 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасады. Мамандардың болжамынша, Қазақстанда сәуір және мамыр айлары жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Синоптикетрдің мәліметінше, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сәуір және мамыр айларында ең көп жауын-шашын мөлшері түседі. 

«Осы жылдың сәуір айы да соған дәлел. Себебі 25 күннің 19 күні жауын-шашынды болып, айлық нормадан көп жауын-шашын түсті. Сонымен қатар республиканың басқа аймақтарында да сәуір айы жауын-шашынды болды», - дейді синоптиктер.

Сәуірдің соңғы демалыс күндерінде де Баренцева және Карск теңіздерінен жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген аймақта жаңбыр жауады. 

Сонымен қатар солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жауын-шашынның арты жылбысқы қарға ұласып, ауа температурасы төмендейді.Тек жексенбіде оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда күн салқын болады.

Талқылау