Аршавин жылқы еті мен қазыны жақсы көріп жейтінін, бірақ бешбармақты ұнатпайтынын айтты

Сәрсенбі, 28 Қыркүйек , 2016 22:11

Мәскеуге сапар жасаған “Қайраттың” жұлдызды ойыншысы Аршавин БАҚ өкіліне сұхбат беріпті.

news_big_feb58e118894f96035ef1c2cfd69eb4b2

Бұл туралы “Спорта День за Днем” порталы хабарлайды.

Андрей Аршавин сұхбатында Қазақстанды футбол елі деп санамайтынын айтыпты.

“Иә, адамдар матч көруге барады, бірақ олардың саны көп деп айта алмас едім. Дегенмен, Алматы футболды қатты сүйеді”, – дейді ол.

Ал ол Алматыдағы тұрмысын өте жақсы бағалап, қалаға бейімделу жағынан еш қиындық көрмегенін айтқан.

“Бұрын бұл тамақты білмесем де, қазір қазыны жақсы жеймін. Негізі жылқы етінен әртүрлі тамақ ретінде көп дәм татамыз. Ал бешбармақ шынымды айтайын маған ұнамады. Өзбекстан дәл қасында болғанына қарамастан, Қазақстанда палауды да дәмді дайындай алмайды екен. Алматыда тұрғалы бері әлі палауды керемет дайындайтын орынды кездестірмедім”, – дейді футболшы.

Әйтседе футболшының дәл қазір Қазақстанды ешқайда айырбастағысы келмейді.

“Ашығын айтқанда орысша сөйлемейтін елге барғым келмейді. Бұл ретте Қазақстан құдды Ресей секілді. Сол себепті онда маған жайлы”, – деді “Қайраттың” жартылай қорғаушысы.

Бұған дейін қазақстандық журналистті өзара бәстен жеңіп кеткен Аршавин, қазақстандық блогердің шашын тақырлап алып тастауға уәде етті. Бұған футболшының “Ақтөбеге” қарсы ойында өзінің Қазақстан чемпионатындағы сегізінші голын соғуы себеп болды.


Оқи отырыңыздар:

Евгений Тищенко қазақтарға деген өкпесін айтты

Андрей Аршавин “Қайрат” сапында таңқалдырарлық гол соқты (видео)

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 22-кездесуін Қазақстанда өткізеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар