Андрей Аршавин “Қайрат” сапында таңқалдырарлық гол соқты (видео)
Алматылық “Қайрат” клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин “Ақтөбеге” қарсы өткен матчта мергендігімен танылды.

Ресей құрамасы мен питерлік “Зениттің” экс-футболшысы Қазақстан чемпионатының 28-турында “Ақтөбе” қақпасына доп бағыттап, алыс қашықтықтан тоғыздықты дәл көздеді.
Қазақстан чемпионатына ауысып келгелі 23 матчқа қатысқан Аршавин, осымен 8-ші голын салып отыр. Жалпы, кездесуде алматылық ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Чемпионаттың аяқталуына әлі төрт тур бар. Алматылық “Қайрат” көш басындағы “Астанадан” төрт ұпайға қалып келе жатыр.
Оқи отырыңыздар:
БАҚ Головкинді «Ресей спортшысы» деп атады
Олимпиада ойындарында стриптиз ұйымдастырған моңғол бапкерлері спорттан кетті
Көмекшілері Головкиннің науқастанып қалуы туралы сыбыстың қайдан шыққанын айтып берді
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды