Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 22-кездесуін Қазақстанда өткізеді

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 22-ші кездесуін Қазақстанда өткізеді. Бұған дейін ол 21 жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен, оның 18-ін нокаутпен аяқтаған.

photo_184127

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Енді жерлесіміз 29 қазанда Алматы қаласындағы “Алматы Арена” кешенінде ганалық Патрик Аллотеймен жұдырықтасады. Боксшы жекпе-жек алдында БАҚ өкілдерімен кездесті.

Қанаттың Қазақстанда өткізетін тұңғыш жекпе-жегінде жұдырықтасатын боксшы да осал емес. 36 кездесудің 34-інде жеңіске жеткен. Ал спорт кешінде өзге де қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді. Рио олимпиадасынан жүлдесіз қайтқан Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді.

Одан өзге кәсіпқой бокста шаршы алаңға 19 мәрте шығып барлығында жеңіске жеткен Жанқош Тұраров та 20-сыншы кездесуіне дайын. Ал қарсыластың осал тұсын таптым деген Қанат Ислам көрерменге әсерлі кеш сыйлауға уәде берді.- “Жоғары деңгейде бокс көрсету, халыққа жеңіс сыйлау – осының барлығы үлкен жауапкершілік алдағы. Сол үшін екі айдан бері тоқтамай дайындық, жан-жақпен келісімшарттар бар, сондай жұмыстарды жасап жатырмыз”, – дейді кәсіпқой боксшы Қанат Ислам.

Жіберіп алмаңыз:

Тойда билеген Мейрамбек ғаламторды «жарды» (видео)

Семейде анасы шашынан бит теремін деп, қызын өлтіріп алды

Желіде жарияланған оқушы қыздың жалаңаш суреттері жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Талқылау