Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Дүйсенов: «Питерден келген оралманның» саясатқа еш қатысы жоқ

Арман Дүйсенов жуырда жұртқа «Питерден келген оралман» атты туындысын паш етті. Ол фильмнің атауының саясатқа еш қатысы жоқ екенін айтып жатыр.

96Fz5iPNpXs_ycof

Бұл туралы «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

Тыңдармандарды әсем әндерімен сусындатып жүрген сазгер бүгінде кино саласында продюсер болып жұмыс жасап жүр. Өнер иесі жақында ғана алғашқы туындысын ұсынып, көрерменге паш етті. Сазгер киноға «Питерден келген оралман» деген ат қойыпты. Алайда ол мұның саясатқа еш қатысы жоқ екенін айтып жатыр.

«Неліктен оралман?» деген сауал жиі қойылып жүр. Бұл сөздің мәселесі өте күрделі болып жатыр. Бірақ фильмнің тақырыбының жұрт талқылап жатқан мәселеге еш қатысы жоқ», – дейді сазгер. Ол киноның бар саундтрегін жазуды өз мойнына алған екен. Арман мырза өзінің осы салада қызмет етуге әбден лайық екенін айтып жатыр.

«Мен осы уақытқа дейін театрда жұмыс жасадым. Телевизияда көп жыл еңбек еттім. Соның барлығын тұжырымдап менің киноға продюсерлік ететін уақытымның келгенін сезгендей болдым. Әлбетте бұл саланың қиындығы бар. Өйткені шығармашылық пен продюсерлікті бірге алып жүру өте қиын. Осы салаға бір бойлап көрейін. Бастағаннан қоя салу оңай ғой. Ол жағын да көре жатармыз», – дейді Арман Дүйсенов.


Жіберіп алмаңыз:

Асхат Тарғын: Үйленбес бұрын қызымнан рұқсат сұрадым

Жігер Ауыпбаев: Топта орным жоғын түсінген соң кеттім

Екі көзі көрмейтін ресейлік қыз Қайрат Нұртаспен кездесу үшін Алматыға келді (видео)

Мейрамбек Бесбаев ұлының 2 жасқа толуын атап өтті (фото, видео)

Талқылау