Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апатқа ұшыраған “Боингтегі” жолаушы мен экипаж мүшелерінің тізімі жарияланды

Ресейдің Ростов-на-Дону әуежайында апатқа ұшыраған лайнердегі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің тізімін жариялады. Жеті экипаж мүшесінің алтауы шетелдік азамат болып шықты.

1458378605-7301

Бұл туралы “Ресей жаңалықтары” хабарлады.

Жарияланған тізімде 55 жолаушының аты аталып, олардың қай елдің азаматы екені анықталып жатыр. Ұшақта Сократоус Аристос, Алава Круз Алехандро, Курбело Каро Жавьер Алехандро, Конфаит Алекс Доминик Йорам, Делакрус Лаура Патриция, Назирдинова Жұлдыз сынды шетел азаматтары болған.

Ростов-на-Дону лайнерінің командирі Греция азаматы болған екен. Командирден бөлек ұшақ бортында Қазақстан, Ресей, Колумбия, Сейшель арадарының бір-бір азаматы мен испаниялық бір жолаушы болған. Алайда бұл ақпаратты ҚР СІБ әзірге растаған жоқ. “Біз бұл ақпартты тексеріп, болған жағдайдың бүге-шүгесін анықтап жатырмыз”, – дейді ҚР СІБ баспасөз қызметі жетекшісі Әнуар Жайнақов.

“Flydubai” әуе компаниясы болса 55 жолаушының 33-і әйел, 18-і ер адам және 4 баланың болғанын хабарлады.

Әуе апаты 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 6:50-де Ростов-на-Дону әуежайында болған. Дубайдан келе жатқан “Боинг-737-800” ұшып-қону жолағынан 100 метр жерге құлап, жерге түсе салысымен өртке оранған.

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін Нұрсұлтан Әбішұлының Ресей халқына көңіл айтып, Путинге телеграмма жолдағаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау