Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апамды асыраймын: Қайрат Нұртастың кенжесі көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Таяуда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова басты рөлді сомдаған “Арман/Когда ангелы спят” фильмі Американың бірнеше қаласында көрсетілді. Рашид Сүлейменовтің режиссерлігімен таспаланған бұл туынды мұхиттың арғы жағына Азия фильмдері фестивалі аясында жетті.

Апамды асыраймын: Қайрат Нұртастың кенжесі көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Бұл орайда Гүлзира Айдарбекова бірнеше апта уақытын АҚШ-та өткізді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Айдарбекова осыдан бірер күн бұрын елге оралды. Немерелерін бір айға жуық уақыт көрмеген продюсер Отанына оралып, мәре-сәре болуда.

Осы орайда Гүлзира Үсенқызы отбасылық архивте сақталатын ерекше видеосымен бөлісіп, желідегі оқырмандарын тәнті етті.

Бейне-роликте Қайраттың кенжесі Хан әжесінің АҚШ-тан әкелген сыйлықтарына алғыс білдіріп қана қоймай, ер жеткен соң Гүлзира Үсенқызына қамқор болуға уәде береді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Міне нағыз бақыт деп осыны айтыңыз😅😍❤️

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау