Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Настя Каменскаяның парашюті ашылмай қалды

Танымал украин әншісі Настя Каменская парашютпен секіру кезінде ажал құша жаздады.

4cdca1b31d5da89dc3fd378b7ecbd70f

Фото: ivona.bigmir.net

Бұл туралы tabloid.com.ua хабарлайды.

Әртіс аман қалғанымен, операция үстелінен бір-ақ шықты.

73d7c762d8e2796fb2e723ea7b78556b

“Құдайға шүкір! Тірі қалдым! Жеңіл қорқынышпен өтті. Бірден операция жасап тастағандықтан да, біртіндеп қалпыма келе жатырмын. Мен ешқашан экстримге қызыққан емеспін, бірақ ұшудың қандай болатынын сезініп көргім келетін. Алғашқы ұшу өте сәтті болды. Ал содан кейін парашют ашылмай қалды…бүкіл өмірің кинолента секілді зулап бара жатады екен. Мұндай кезде құлауды тоқтатып, уақытты шегере алмайсың…оң аяғым жарақаттанды, бірақ біртіндеп жазылып келе жатыр”, – деп жазды ол.

29 жастағы Настя Каменская “Потап және Настя” танымал дуэтінің әншісі. Осы дуэтте жұмыс істеу арқылы көптеген атақтарға, танымалдылыққа, сыйлықтар мен марапаттарға қол жеткізді. 2009 жылы “Viva!” журналы оқырмандарының нұсқасы бойынша Украинаның ең әдемі әйелі болып та танылған.

Талқылау