Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Інжу егіз қыздардың анасы атанды

Әнші Інжу біраз уақыт бойы сахнада көрінбеуінің себебін түсіндірді. Осыдан 5 ай бұрын әнші егіз қыздардың анасы атанған болып шықты.

инжу_18

Бұл туралы әнші «Қазақстан» арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында айтты.

«5 айдан астық. Қылықтары шығып келеді. Қазір олар өздеріне деген көңілдің екі есе көп бөлінгенін қалайды. Жалпы өсе келе оңай бола ма десем, керісінше қиынға соғып барады», – дейді Інжу.

Інжу ана атанып, әлемдегі ең керемет, ең ғажап сезімге бөленгенін айтып өтті.

«Ол әлемдегі ең ыстық сезімдердің бірі. Ешқандай сезіммен салыстыруға келмейтін тамаша бақыт сезімі. Болашақта қыздарым қандай жолды таңдар екен деп мен де ойладым. Оларды жан-жақты дамытуға тырысамын. Ал соңында өздері таңдау жасайды», – деп ағынан жарылды әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Бет-аузы көгерген Айгүл Иманбаева жанкүйерлерін шошытып алды

Желіде Ақбота Сейтмағамбеттің күйеужігітінің суреттері пайда болды

Бұрынғы продюсері Артур Төлеповті «лақтырып» кетті деп айыптады

«Өзінің жасына лайықсыз» көйлек киген Мәдина Сәдуақасова сынға қалды

Талқылау