Әнші Дана: Жары бар Қоңырбаевпен құшақтасу оңай болмады

Сәрсенбі, 16 Наурыз , 2016 11:02

Күні кеше Арман Қоңырбаевтың өзін актерлік қырынан сынап көргені туралы жазған болатынбыз. Ол досының ұсынысын жерге тастамай бейнебаянға түсуге келісім береді. Алайда бейнебаяндағы рөлі өзіне ғана емес, сүйіктісіне де, әріптесіне де қиындық тудырған секілді.

новый коллаж

Бұл туралы “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

Қазақ эстрадасына жарқ етіп жаңа жұлдыз келді. Ол жұлдыздың есімі Дана. Әзірге бойжеткен туралы көп ақпарат жоқ. Өйткені ол шоу-бизнес әлеміне енді ғана қадам басып келеді. Жас екеніне қарамастан, әнші өзіне барынша сенімді.

Халыққа ұсынғалы отырған “Жанымда болшы” бейнебаяны махаббат лирикасын жырлайды. Аталған бейнебаянда басты рөлдердің бірін Арман Қоңырбаев сомдайды.

Бастапқыда құшақтасу жайлы сөз қозғалмаған екен. Осының салдарынан түсірілім алаңында қиындықтар туындаған.

image

Бұл туралы “Продюсерден өзім де не себепті Арман Қоңырбаевты таңдағанын сұрадым. Ол отбасылы адам ғой. Отбасылы адамға сезіміңді білдіруде қиын екен”, – дейді Дана.

Аша Матай түсірілім алаңына күйеуін жалғыз жіберместен бірге барған екен. Тіпті бастапқыда жұбайының әлі жұлдызы жанбаған әншінің бейнебаянына түсуіне қарсы болған. Ал Арман өз кезегінде отбасылы азамат екенін, сүйіктісі барда бөтен қызды құшақтаудың қиын екенін айтты.

f02856c05e9496ecc1cf30287f0dd830

Қазақ эстардасында жұп болып өнер көрсетіп жүрген ғашықтар көп. Алайда Арман Аша екеуінің өмірінде қызғанышқа орын болмайтындығын, араларында тек қана адалдық болатынын айтады.

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін Арман Қоңырбаев Ашаның қызғанышын оятып алудан қорқатындығы туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ия отбасылы адам болғандықтан мұндай бейне баянға түсу кімніңде болсын жүрегін қынжылтады сондақтан Ашадай сұлу жары бар Арман өз əйелімен бейне баянға түссін

  • Жұмбақ жан says:

    Өте дұрыс Ашадай сұлу жұбайы бар әрине өзге әйелді қалай құшақтасын.түссе Ашамен бірге түссін.көптер өзге әйелмен тұсіп соңында сол әйелге ойы кетіп от басы ойран болып жатқаны да сөзсіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар