Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Ақбота болашақ жарын түсірілім алаңында жолықтырған

Күні кеше “Гламур для дур” фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Аталғал шара барысында Ақбота отбасылық жағдаймен кетіп бара жатқанын растады. Ал Баян Есентаева өз кезегінде әншісінің болашақ жарын осы фильмнің түсірілім алаңында жолықтырғанын айтты.

74748-1

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

Көпшілік күткен қалжыңға толы «Гламур для дур» атты фильмде басты рөлде «Кешью» тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбет және тележүргізуші Әсел Ақбарова мен актер Дәурен Айдарқұлов ойнайды. Дегенмен, режиссерге күлкіге толы киносына басты рөлдегі актрисаны іздеп табу қиынға соғыпты.

“Иә, көп қыздар кастингке келді. Алайда, маған орысша акценті бар қызды іздеп табу керек болды. Ал, Ақбота тура сондай”, – дейді режиссер Асқар Ұзабаев. Ақбота үшін ауылдан қалаға келген қызды ойнау аса қиын болмапты. “Өзіме ұқсайды. Мен сияқты қырсық. Айтқанынан қайтпайды”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Әншінің осы қырсық мінезі ме екен, кім білсін әйтеуір продюсері Баян Есентаеваға жақпай қалыпты. Жақын күндері Ақбота белгілі топ құрамынан кетпек. Алайда, әншінің өзі болса, «Кешьюдан» шығу себебін мінез емес, отбасылық жағдай деп түсіндірді.

“Кететін шығармын деген ой бар. Баян Мақсатқызы мені Алланың қалауымен жіберіп жатса, оны алда көре жатарсыздар. Әзірге отбсылық жағдаймен кетуім мүмкін”, – дейді әнші.

Әрине, Баян Есентаева шешетіні анық. Бүгінде Грузия елінде сапарлап жүрген белгілі продюсер Ақботаның топтан кететінін инстаграмда жариялап тастады. Оның айтуынша, әнші жақында тұрмысқа шығады екен. Бақыт пен денсаулық тілеген Баян сол түсілім алаңында ғашығын кездестіргенін де жазыпты. Сондай-ақ жақында «Кешью» тобының жаңа құраммен шығатынын айтқан.


Жіберіп алмаңыз:

Жаманқұловтың жұбайы: Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі

Татуласқан Жұлдызай мен Тука сахнада бірігіп өнер көрсетпек

Танымал сазгер 91 тобының әніне «жоғары», Қайрат пен Төреғалидің әніне «төмен» баға берді

Қайрат Нұртас елбасыға арнап ән айтты

Талқылау