Татуласқан Жұлдызай мен Тука сахнада бірігіп өнер көрсетпек

Жұма, 2 Желтоқсан , 2016 13:49

Жұлдызай Дүйсенбиева алғаш рет Нұржан Төлендиевпен не себепті ренжіскендерін айтты. Алайда бұл жағдай екі актердің достығына сызат түсіре алмаған екен. Олар тіпті “Алдараспанның” келесі концертінде бірге өнер көрсетуге келіскен. Мұнымен қатар, актриса жейтін нан таппай қалған күндері туралы айтып берді.

вуыцыы

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

“Бізде жейтін нан, азық-түлік болмай қалған кездер болды. Оның барлығын өткердік. Осындай жағдайлар басымыздан өтіп жатқан соң, әке-шешеме көмектескім келді. “Әке-шешем неге жұрт секілді жарқырап жүрмейді?!” деген ой келді. Мен мектеп бітіре салып тұрмысқа шығып кетуге жағдайымыз болмады. Ол уақытта міндетті түрде той жасалып, қыздың артынан киім апаратын. Сол себепті мен оқуға түсіп, жұмыс істеп, әке-шешемнің жасаған жақсылығын ақтауға тырыстым.

Әрине, олардың жақсылығын толықтай ақтау мүмкін емес. Одан кейін өзімнен кейінгі қыз оқуға түсті. Оған өмірді үйретейін деп қасында бір жыл жүрдім. Араға бір жыл салып, кіші сіңілім оқуға түсті. Бір күні анама “Енді кішкентай қыздарың оқуға түсті ғой. Маған күйеуге тиюге рұқсат беріңдер” деп күлдім. Сонда анам “Әй, біз саған қашан рұқсат бермей жүр едік?!” деді. Алла осы сәтте аузыма салса керек. Жаңағы сіңілім оқуға түскен соң, келесі жылы тұрмысқа шықтым”, – дейді Жұлдызай.

– Демек сен өзіңді туған-туысқандарың үшін құрбан еттің ғой? Сенен мұны ешкім сұраған жоқ.

– Мен өз-өзімді құрбан қылған шығармын. Мұны “ағайын-туысқа жасаған құрбандығым” десем, артық айтқаным болар. Бірақ мен өзім солай жасағым келді. Әлі күнге дейін барлығын қадағалап отырғанды жақсы көремін. Үйде осы мінезім үшін қыздар ренжіп жатады. “Әй, қойшы енді. Күйеуге тидің ғой, барып өз қызыңды уайымдашы” дейді. Үйге бір хабарласпасам, көңілім көншімей тұрады. Бірде Шымкентке “Шаншар” театрымен бірге кеткен кезде, үйге таксофоннан қоңырау шалып, “Ана, есікті құлыптадыңдар ма?” дегенім бар. Сонда анам “Сен кетті екен деп есікті ашып жатамыз ба? Келіп құлыптап кетсеңші” деп әзілдеген. Мен ұйқыға жататын кезде есікті жауып, бәрін тексеремін.

– Сұхбаттарыңыздың бірінде “Адамға сенуден қалдым” деген екенсіз. Мұны не үшін айттыңыз?

– Сондай жағдайлар көп болып кетті. Біреуге сеніп тапсырған жұмыстарым орындалмай қалды. Адамға сеніп қасында жүрсем, тіршілігім бітпей жатты. Мысалы, менің “Алдараспаннан” кетуім. Мен Нұржанға толықтай сеніп, соңынан ергенімде, екеуіміздің арамызда түсініспеушіліктер болып қалды. Қатты қынжылып, адамға сенуден қалдым деп жазғаным осы сәтте еді. Өйткені, Нұржан менің мектепті бітірген уақыттан бастап араласқан досым, ағам, сырласым болды. Содан біз “Алдараспанға” бөлініп кеткен кезде, арамызда түсініспеушіліктер орын алды. Сол кезде мен тік мінезімді көрсетіп, Нұржанның бетіне айтып кетіп қалдым. Бірақ араға біраз уақыт салып ойлап қарасам, Нұржан екеуіміз сахнада 14-15 жыл қатар жүрген екенбіз. Біз – бір нанды бөлісіп жеген адамбыз.

“Шаншарда” ойнап жүрген кезде, кішкене жатақханада тұрдық. Ол бір бөлмеде әйелімен, төрт бала-шағасымен, қарындасымен бірге тұратын.  Сол кезде Нұржан түнгі сағат үште тойдан келіп, біздің есікті қағады. Есікті тоқылдатып “Жүзка, жүрсеңдерші! Мен дәмді тауық етін алып келдім” деп бізді шақырады. Ақнұр әпкеміз әдемілеп шайын жасап қояды. Менің қасымда сіңілім бар. Келіншегі Кеңтаудың қызы болған соң, ол кісіні әпке деймін. Ертесінде мен печенье сатып алсам, оларды шайға шақырамын. Осылай өстік. Осыншама қиындықты бірге өткерген адаммен бір сәтте ренжісіп қалғаныма сене алмаймын. Біз сол қу дүниеге талыстық. Келісілген сома берілмей қалды. Оны халықтан жасыру қажет емес.

– Сонда достықтарыңның құны қанша болды?

– Оны нақты айтқым келмейді. Әжептәуір ақша еді. Достықтың құнына ештеңке жетпейді екен. Себебі, қазір екеуіміз бір—бірімізден кешірім сұрап, түсіністік. Айтпақшы, келесі “Алдараспан” концертіне мен қайта шығамын. Сол ақша екеуіміздің достығымызға сызат түсіре алмады. Сызат түскен болса, біз қатар тұрып бір сахнада ойнамайтын едік.

– Жалпы осы актерлікке қалай келдің?

– Менің арманым заңгер болу болатын. Мен әлі күнге дейін армандаймын. Неге екені белгісіз, өмірде көп қиындық пен көп әділетсіздік көрдім. Соның барлығын көріп өскен соң, заңгер боламын деп шешім қабылдадым.  Бірақ заңгерлікке тағы да ақша жоқ болғандықтан, оқи алмадым. Содан кейін өзімнің музыкалық білімім болғандықтан, актерлікке тапсырдым. Әртіс болғым келген жоқ, тек оқуға түсуді мақсат тұттым. Ол кезде басты мақсат – кез келген оқуға түсу болатын. Басқа мамандық бойынша білім алсам да, келер жылы ақша жинап, заңгерлікті оқып аламын деп ойладым.

Түскен соң қызығып, төрт жылдың қалай өте шыққанын білмей қалдым. Театрда жұмыс істеп жүргенімде, мені Уәлібек Әбдірайымов “Шаншарға” жұмысқа шақырып, “Бір-екі жыл танылғанға дейін аз жалақы алып қиналатын шығарсың. Бірақ, одан кейін бір тойдан 3 000 доллар алатындай дәрежеге жетесің” деді. Мені сол сөз қызықтырды. Мен театрды тастап, “Шаншарға” келдім. 3 000 мың доллар айлыққа да келдім. Қазір, шүкіршілік етемін. Уәкеңе келгеніме ешқашан өкінбеймін.

– Үнемі ене туралы әзіл айтасыз. Бұған енеңіз ренжімей ме? Ене туралы бір әзіл айтып беріңізші.

– Жоқ, ренжімейді. Өйткені, ол кісілердің отбасына мен әртіс болып келдім. Сол себепті, оған ренжімейді деген ойдамын. Маған осы күнге дейін бірде-бір рет ренішін айтқан емес. Тіпті, енемнің өзін әзілге қосып жатамын. Бір күні енелер мен келіннің кемесі саяхатқа шығыпты. Содан бірден дауыл болып кетіп, енелердің кемесі аударылып кетіпті. Келіндер қуанып, би кешін ұйымдастырыпты. Сонда бұрышта бір келін жылап отыр екен. Әлгі жылап отырған келінге қарап жұрт қатты таң қалып, “Әй, неге жылап отырсың? Қайта қуанбайсың ба?” деп сұрапты. Келін “Менің енем үйде қалып кетіп еді” деп айтқан екен.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Дұғалова жазушы туған сіңлісін көрсетті

Ерке Есмахан: Махаббаттан басым айналып жүр

Елбасы “Түнгі студияда” жұмақ туралы тәрбиелік мәні зор әңгіме айтып берді (видео)

Бейбіт Көшқалиев өзінің университеттегі ұстазына үйленгенін мойындады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жан
5 күні 23 сағат кері

дұрыс айтасын, достықтың құны ақшамен өлшенбейді. Аз ғана қазақпыз тату болыңдар.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар