Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Махаббаттан басым айналып жүр

Алғашқы некесі сәтсіз аяқталғаннан кейін екінші рет отбасылы болуды армандап жүрген ерке әнші Ерке Есмахан жақын арада бұл мақсатына қол жеткізетін сыңайлы. Әнші махаббаттан басының айналып жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

ерке махаббаттан басым

Бірнеше күн бойы Instagram-дағы парақшасына сурет салмай кеткен Ерке оның себебін былай деп түсіндірді:

«Жоғалтып алдыңыздар ма мені? Осындамын. Көп шығармашылық идеялар мен маxаббаттан басым айналып, қолым тимей кетті инстаға! Сіздерге күшті жаңалықтар дайындап жатырмын! Бұйыртса, жақын арада тарту етемiн».

Тыңдармандары әншіні жуық арада тұрмысқа шығады деп болжады. Олардың басым дені Еркенің өзіне ғана тән сұлулығын атап өтіп, әншіге бақыт тіледі.

Естеріңізде болса, жуырда ғана әнші отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында тұрақты махаббатын кезіктірмегенін айтқан болатын.

Оқи отырыңыз:

Жетімдер әнін шырқаған Нұрмұхаммед қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

Гүлнұр Оразымбетова өзін “отбасын бұзған әйел” дегендерге жауап берді

Елбасы “Түнгі студияда” жұмақ туралы тәрбиелік мәні зор әңгіме айтып берді

Менің анам мен үшін мінсіз. Айсәуле Бақытбек жан айқайын жеткізді

 

Талқылау