Танымал сазгер 91 тобының әніне «жоғары», Қайрат пен Төреғалидің әніне «төмен» баға берді

Жұма, 2 Желтоқсан , 2016 13:29

Қазақстандық композитор, әнші, 90-жылдардың ортасында қазақ эстрадасына өзінің «Таңғы жас», «Алтынай» секілді әндерімен жаңалық әкелген өнерпаз Бақытжан Қажымұқанов көптен бері көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Композитор бүгінгі қазақ әндерінің бет алысына баға берді.

бакытжан кажымукан

Бақытжан Қажымұқанов El.kz басылымына сұхбат берді.

Бір қызығы өткен ғасырда ән жазып, сахнаға шыққан ол заманауи стильде ән айтатын Ninety one, «Орда» сынды топтарды жоғары бағалап, халықтың сүйіктілеріне айналған Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің әндеріне керісінше “төмен” деп баға берді.

Композитордың пайымдауынша, сапалы музыка жазу үшін биік деңгейдегі шығармаларды көбірек тыңдау керек. Оның пікірінше, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі мен Заттыбек Көпбосынұлының әндері олардың қатарына кірмейді.

«Шынымды айтсам, әндерім қалай жазылатынын білмеймін. Ол Құдайдың маған берген бағы болар. Жастайымнан қазақтың Құрманғазы мен Дәулеткерейін, әлемдік классикадан Чайковский, Бетховендердің шығармаларын, британдық рок-топ «Пинк Флойдты», орыстың Андрей Макаревич, Борис Гребенщиков сияқты әртістерін, «Пикник» тобын тыңдап өстім. Солардың бәрін тыңдай келе, ән жаздым. Үнемі сапалы музыка тыңдасаң, нәтижесінде тәуір ән дүниеге келеді. Ал, тек қана Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Заттыбек Көпбосыновтарды тыңдай берсең, одан кейін қайдан ән шығаруың мүмкін? Оны білмеймін…» – деп пікір білдірді Қажымұқанов.

Есесіне Қажымұқанов композитор ретінде Еркеш Шәкеевті, Сейфуллин Жолбарысты, кейінгі кездері ән жазып жүрген Медеу Арынбаевты, ал әншілерден «Орда», «Ninety one» топтарының репертуарындағы әндерін бағалайтынын айтты.

«Өнерпаздардан «Орда», «Ninety one» топтарының репертуарындағы әндердің заманауи сипаты, сауатты өңделуі маған ұнайды», – деп түйіндеді сөзін белгілі сазгер.

Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары «Кеш you» тобынан кеткен Ақботаның аяғы ауыр деп болжауда

Баян Есентаева ваннада түскен суретін жариялап таңғалдырды

Нағима Есқалиева атақ үшін өзіне дөрекі ұсыныс жасалғаны туралы айтты

Гүлнұр Оразымбетова өзін “отбасын бұзған әйел” дегендерге жауап берді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
23 сағат 34 минут кері

91 тобын колдаймын жастардың дəл кәзір тыңдайтын тобы кыздар шетелдің жігіттеріне ғашық болып етегінен устап кетіп жатыр жастарымыз соларға улкен сабак болады озіміздің казак жігітері де оте әдемі екенін білсін мен колдаймын Кайрат ка келер болсак ол халықтың яғни жастың кәрінің әншісі

Анонимно
23 сағат 45 минут кері

мына шал екі ән шығардым деп қазак эстрадасында орны бөлек әншілерді жоққа шығарып қайдағы жоқ Орда тобы мен 91 тобын,керемет деп отыр ма?бұлар сахнада орны жок топтар!!

Анонимно
1 күні 1 бір сағат кері

Котты кыскан бай болады сазгер танымалы деп койыпты гой сены .

Анонимно
1 күні 2 сағат кері

Маке

Анонимно
1 күні 14 сағат кері

Бир бирин коре алмауды кашан кояды екен казактар

Ләйла
1 күні 18 сағат кері

Міне, нағыз профидың бағасы! Дұрыс айтасың, батыр бабамыз Қажымұқанның ұрпағы! 91 тобы мен Орданың музыкасына кәсіби мамандар қашанда жоғары баға береді. Мойындағысы келмей жатқан тек кәсібиліктің исі мұрнына бармайтын ТТ, Заттыбек сияқтылар… Рахмет, Сізге! 91 тобы әлі-ақ бәрін мойындатқызады! Дүние жүзіне Қазақ елін танытасыңдар! Алға, 91 тобы!

Анонимно
16 сағат 40 минут кері

Аиналайын ақылың барғо қойағо

,
1 күні 20 сағат кері

Халықтын ашынатыны олардың әнінемес киім киісінде деп ойлайм

Алтынай
2 күні 44 минут кері

Атан түйе ойнақтаса,жұт болар.Мына шал алжыған.Дұрысы,өнерден аластатылсын.91ді тыңдап,жайына жүрсін мына алжыған қақпас.Төреғали мен Қайратга тіл тигізбесін жынды неме.

Анонимно
2 күні 5 сағат кері

Нагыз сахына аншилери мен той- томалак аншилерин ажырата билетиндер саны арта берсин.

Анонимно ужас ка
2 күні 15 сағат кері

алжығанау шамасы 91 ді тындаса

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар