Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары «Кеш you» тобынан кеткен Ақботаның аяғы ауыр деп болжауда

Продюсер Баян Есентаева аяқ астынан «Кеш you» тобының құрамының өзгергенін ресми түрде мәлімдеді. Есентаева топ солисі Ақбота Сейтмағамбеттің кететінін өзі де күтпесе керек-ті, мұның барша тыңдармандар үшін де, өзі үшін де күтпеген тосын-сый болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

акбота сейтмагамбет

Өмірдегі ең қызығы да – өмірдің өзі! Әркімнің өз тағдыры бар, ол біз дүниеге келмес бұрын жазылып қойған. Ақботаның тағдыры мен үшін де, «Кеш You» тобының тыңдармандары үшін де тосынға толы болды. Ақбота тұрмысқа шығады. Оған бақыт пен денсаулық тілеймін. «Гламур для дур» фильмінде басты рөлді сомдауы оның тағдырын түбегейлі өзгертті. Ол өзінің сүйіктісін түсірілім алаңында кездестірді. Ал біздің алға қарай жылжуымыз қажет. Жақын арада «Кеш you» тобының жаңа құрамын таныстыратын боламын», – деп жазды Есентаева желідегі парақшасында.

Аталмыш жазбадан кейін Ақботаның соңғы жариялаған суретінің астында түрлі пікірлер көбейген. Көпшілік Ақботаның тұрмысқа шығып қана қоймай, жақын арада ана атанатынын жазды. Желі оқырмандарының айтуынша, Баян Есентаева өз жазбасында әншінің аяғының ауыр екенін жазған. Алайда Ақботаның тарапына түрлі жағымсыз пікірлер қалдырылған соң продюсер жазбасын өзгерткен сыңайлы.

“Аяғы ауыр екен, Баян айтты”, “Құтты болсын, аман-есен босанып алыңыз”, “Бақытты болыңыз”, “Кімге тұрмысқа шығады екен”, “Топтан кететініңіз өкінішті”, – деп пікір білдірді Ақботаның желідегі оқырмандары.

Ал біз «Кеш you» тобының жаңа құрамы мен Ақботаның сүйіктісінің кім екенін білетін күнді асыға күтеміз.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева ваннада түскен суретін жариялап таңғалдырды

Қайрат Нұртас елбасыға арнап ән айтты

Ақбота Сейтмағамбет өзінің «Кеш you» тобынан кететінін растады

Ақ жаулық киген Исабекова тыңдармандарын өзіне ғашық етті

Талқылау