Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас елбасыға арнап ән айтты

Қайрат Нұртас елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап ән айтты.

kn

Қайрат Нұртас Қазақстан жастар форумы барысында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап ән айтты.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бүгінгі бәріміз үшін атаулы мерекеде тілектеріміз жүрек түбін кернеп, кеудемізге сыймай тұр. Сіз біздің бағымыз болған Елбасымызсыз. Біз бір белеске жеткен болсақ, ол ең алдымен еліміздегі бейбіт күннің, тұрақтылықтың, халқымыз үшін жасалған сіздің ерен еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Замандастарыма, осы бейбіт күннің қадірін біліп, шүкіршілік етіп, еліміздің дамуы үшін бірлігімізді берік ұстайық дегім келеді. Әрине, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Қазіргі орындалатын ән еліміздің өзіңізге деген ыстық ықыласы деп қабыл алғайсыз», – деді әнші.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар мемлекетті мереке – Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күнін тойлауда.

Жіберіп алмаңыз:

Айсұлтан Назарбаев Елбасыдан футбол федерациясы басшысының қызметін сұрамағанын мәлімдеді

Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды

Назарбаев өмірде жетістікке жетудің сырымен бөлісті

Дональд Трамп тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді

Талқылау