Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды

Бейсенбі, 1 Желтоқсан , 2016 17:21

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жас кәсіпкерлермен тілдесіп, оларға өз кеңесін берді.

1135440

Жас кәсіпкер Арман Досқамбаев ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің кәсіпорнында шығарылған сағатты сыйға тартты.

Алғашқы республикалық жастар форумында 25 жастағы кәсіпкер өз кәсібін 17 жасында бастағанын айтты.

“Мен Қарағандыда компьютерлік техника бөлімін аштым, ол кезде мен айына 300 мың теңге табатынмын. Оқушы үшін ол үлкен ақша. Қазір жасым 25-те және мен төрт компанияның иесімін. Оның біреуі жылына 168 миллион теңге пайда алып келеді, жылына 33 жұмыс орнын ашады. Менің кәсіпорным сағат жасап шығарады және «Қазақстанда жасалған» жобасын қолдайды.

Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мықты қолдау тапты», — деді Досқамбаев.

Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен елбасыға алғыс ретінде кәсіпкер өзінің компаниясында өндірілген сағатты сыйға тартты.

«Жарайсың! Енді швейцариялық емес, сенің сағаттарыңды тағатын боламыз», — деп жауап берді Назарбаев.

“Бүгін ол бөтелке шығарса, ертең тостаған шығарады. Жалпы икемді шағын кәсіптің алдында үлкен болашақ күтіп тұр», — деп түсіндірді президент.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев өмірде жетістікке жетудің сырымен бөлісті

Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бой көтерді (фото, видео)

Президент жастар мен әжелер туралы қалжыңдады

Назарбаев жастарға Uber-ді ойлап табушылардан үлгі алуға кеңес берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев
  • Гүлдерай says:

    Жас та болса, талаптанып үлкен кәсіпті бастап жүргеніне қайран қалып отырмын. Үлкен бастаманы қолға алу үшін еңбектен де бұрын, батылдық керек екеніне көзім жетті, ЖҰмысың өрлей берсін, Арман! Елбасына өз өніміңді ұсыну үлкен жетістік

  • Жадыра says:

    Жылдағы кездесуге өзім қатыспасам да, ерекше әсер аламын. Елдің дамуы қуантады. Елбасымыздың жылдағы жолдауын күтіп, амандығы үшін шын тілек білдіремін.

  • Нұрсұлу says:

    Еңбекқор, білімді, белсенді жастардың жиналғанын көріп, төбем көкке бір елі жетпей қалды. Бүгінгі жастардың бағыты қуантты

  • Құралай says:

    Қазіргі жастардың бет алысы қуантады. Еңбектенуді, дамыған заманда бәсекеге қабілетті болуды біледі. тілге қызығушылықтары жоғары. Бұл бүгінгі күннің жетістігі. Бұйырса, жастар біздің жарқын болашағымыз

  • Дана says:

    Қазақтың арасынан шыққан бала деп мақтана алатын азамат. Жарайсың, еңбегің жана берсін!

  • Перизат says:

    “Қазақстанда жасалған” деген сөздің өзі қандай бақыт. Өз елімнің патриоты ретінде отандық өнімді әрдайым қолдануға тырысамын. Ең бастысы, ол өз еліміздің, қазақ азаматтарының еңбегі. Ал, біз еңбекті бағалап, дамуды қолдауымыз керек

  • гулмира says:

    Елбасы ерекше қуанышпен, көсіле сырласты жастармен. Ол кісі елдің болашағын жастарға сеніп тапсырды. Сол абыройдан айырмасын.

  • Қуаныш says:

    Бұл форумнан көп нәрсені көрдік. Елімізде талабы таудай жастар өсіп келеді екен. Өз басым қатты қуандым.

  • Арайлым says:

    Елбасыға ааса ілтипатпен тағып алды қолына. Жас кәсіпкерге ризамыз. Іскер жігіт екені көрініп тұр. Нағыз патриоттар.

  • Назым says:

    Мемлекет тарапынан түрлі жобалар халыққа ұсынылуда. Кәсіпті қолға алып, арманыңыздағы жобаны жүзеге асырам десең де қолдау бар. Соны іске асырып отырған жас азаматқа Алланың нұры жаусын.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.02.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар