Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Андрей Аршавин шаңырақ көтерді (фото)

Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин өзінің сүйіктісі, журналист Алиса Казьминаға үйленді. Екі ғашық бірнеше жылдан бері кездесіп жүр екен.

6eb70ca8d7d0c7cec9bd4485f67b7723__1440x

Фотолар: starhit.ru, eg.ru, sportnaviny.com и showbiz-news.ru

Бұл туралы “Life” порталы хабарлайды.

Үйлену тойы 1 қыркүйек күні Санкт-Петербургтағы неке орталықтарының бірінде болған. Үйлену тойына екеуінің бірнеше досы мен Алисаның бірінші некедегі балалары ғана қатысқан.

195406

“Қонақ көп болмады. Үйлену тойының уақыты соңғы сәтке дейін құпия сақталыпты. Тіпті Аршавиннің кейбір туыстары үшін де бұл күтпеген жағдай болды. Жас жұбайлар тойдан кейін Сочиге ұшып кететін шығар”, – деді той қонақтарының бірі.

arshavin_miami_1

Ресей ұлттық құрамасының 35 жастағы экс-капитаны мен 34 жастағы журналисттің кездесіп жүргені туралы 2 жыл бұрын белгілі болған. Казьмина бұған дейін де некеде болған. Оның алдыңғы некесінен екі баласы бар.

18-min

553654_297934473613086_916442558_n

photo_63843

Ал бұл Аршавиннің алғашқы ресми некелік қарым-қатынасы. Бұған дейін футболшы Юлия Барановскаямен азаматтық некеде тұрған еді. Олар тоғыз жыл бірге тұрып, үш балалы болды. 2012 жылы Аршавин Юлиямен ажырасып кетті. Қазіргі таңда табысының тең жартысын балаларына алимент ретіндей төлейді.

Еске сала кетсек, Ресей футболының жұлдызы қысқы трансферлік кезеңде кроснадарлық “Кубань” сапынан Алматының “Қайратына” ауысқан болатын. Жартылай қорғаушы қазірге дейін “Қайрат” сапында 21 матчқа қатысып, 8 гол соққан.

Оқи отырыңыздар:

Аршавин бұрынғы әйелінен туған балаларымен кездесті

Аршавин “Қайрат” сапында ерекше гол соқты (видео)

Андрей Аршавин қазақша сөйлеуді үйреніп жүр

Талқылау