Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасының өліміне шыдамаған футболшы өзіне қол салды

Ұлыбританияның Пембрук қаласында 24 жастағы футболшы өзіне қол салды.

Анасының өліміне шыдамаған футболшы өзіне қол салды

“Кармартен Старз” ойыншысы Брендон Холдер көз жұмды. Ол өмірмен қоштасар алдында желіге жазба жариялап, көпшілікпен қоштасты.

Ойыншы марқұм болған анасы екеуінің бірге түскен суретін жариялаған.

«Ренжіткен адамдарым болса, кешірім сұраймын. Мен өзімді ойлап тұрған жоқпын. Жақсы дос та, жақсы ұл да болмадым. Анашым, өзіңмен кездесуге асықпын. Қош болыңдар, достарым», – деп жазды ол.

Достары мен жақындары үшін бұл ауыр соққы болды.

Клуб спортшының өлімінен соң екі матчты ауыстырды. Команда футболшылары марқұмды еске алды.

«Ол талантты ойыншы еді», – дейді әріптестері.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау