Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтар лагердегі тұтқын әйелдерді қалай ажалдан құтқарған ( видео)

Ақмоладағы отанын сатқандардың әйелін тұтқында ұстаған лагерде болған (АЛЖИР) әйелдердің бірі Гертруд Платайс 1990 жылғы ерекше оқиғаны айтып берді.

ьтимс

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

АЛЖИР-де еш кінәсі жоқ, “халық жауына” айналған күйеуі мен туыстарынан бас тартпаған мыңдаған әйел күн кешіп, тар қапаста өмір сүрді.

Қыстыгүні таңертең әйелдер Жалаңаш өзенінің жағасынан барақтар тұрғызу үшін қамыс жинайды. Сол арадағы Жаңаш ауылының үлкендерінің командасындағы балалар әйелдерге тас лақтыра бастайды. Осы сәтте бақылаушылар “көрдіңдер ме сендерді тек Мәскеуде емес, ауылдағылар да жек көреді” деп кекетті. Осылайша күнде жалғаса берді. Бір күні өзіне ұшып келген тастан құлаған әбден қалжырап тұрған Гертруд әлгі тастан сүттің иісі шығып тұрғанын бірден байқайды. Сөйтеді де ауызына салып көріп еді, өзі тәтті екен. Ол осы тастардың бәрін жинап, бараққа алып келді. Ол жерде тұтқындалған қазақ әйелдер бар еді. Олар мұның айраннан жасалатын құрт деген тағам екенін айтып береді.

Сөйтсе қазақтар өздерінің балалары арқылы тұтқын әйелдерді бөліп алып, оларға әдейі құрт лақтырып аштықтан құтқару үшін осындай әдіс қолданыпты. Олар бақылаушылар көріп қоймасын деп түнгі уақытта тұтқындар үшін құрт, талқан, ет, нан қалдырып кеткен. Қазақ халқының осы бір жақсылығын әйелдер өмір бойы ұмытпаған.

1950 жылы АЛЖИР-ді жауып тастады. Алайда 1958 жылғы қайта қалпына келтіруге дейін сотталғандар өздерінің тұрғылықты мекен-жайларына қайта алмады. Тек 1953 жылы 17-ші Карлаг лагері толықтай жабылған еді

2007 жылы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен лагерь орнында АЛЖИР мемориалды кешені ашылды.

Талқылау