Алтыннан көйлек киген үнді бизнесменін ұрып өлтірді

Сенбі, 16 Шілде , 2016 19:16

Алтынға деген ерекше махаббатымен танылған белгілі үнді бизнесмені Датта Фугені әбден сабап өлтірген.

_90404764_gold_man_datta-phuge-1

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталған. Төбелес ақша үшін шыққан болуы мүмкін. Полиция мәліметінше, күдіктілердің бірі Фуге мен оның 22 жастағы ұлын Пуна қаласындағы өз туған күніне шақырған.

Аталған жерге Фуге ұлымен бірге келген кезде оған 12 адам таспен және басқа да қауіпті қарулармен шабуылдайды. Ал ұлы әкесінің өліміне куәгер болған. Бірақ, ұлын қаскөйлер аман алып қалыпты.

Датта Фуге үнемі өзімен бірге алтын заттар тағып жүрген екен: медальондар мен алқалар, сақина, браслет. Ол 2013 жылы 250 мың тұратын тек алтыннан жасалған жейдені сатып алып танымал болған еді.

_90404765__90395537_gettyimages-160417204

“Көп адамдар менен неге үнемі алтын тағып жүресің дейді. Бұл менің үлкен арманым болатын. Әркімнің қызығушылығы әртүрлі. Көптеген бай адамдар қымбат көліктер сатып алғысы келеді екен. Ал мен алтынды таңдадым”, – деген болатын ол сұхбаттарының бірінде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Алмат says:

    Бiрiншiден. Ер адамга алтын киiм, алтыннан жасалган буйымдар тагу харам етiлген. Екiншiден. Мусылман болмаса иманды болсын деп айтылмайды. Бул адамнын мусылман ба, жок па бiлмей жатып, мусылман адамга гана айтылатын создi колданудын кажетi жок…

  • Анонимно says:

    Иманды болсын арким оз енбегимен тапканын истейди алтын адам болып тарихта калды аты

  • Анонимно says:

    Елі қайыршылықтан азаптанып жүргенде, бұл болса үсті-басын алтынмен қаптап жүрген нес. Обалы жоқ өзінеде.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар