Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар донерге таласса, қызылордалықтар әуе шарларын бөлісе алмады (видео)

Инстаграм желісінде тегін донерге таласқан жастардың әрекеті қызу талқыға түскен еді. Жүктелген видеода алматылықтар тегін таратқан донерге таласып, шу көтерген. Донерді қойып, ендігі қызылордалықтардың әуе шарларына таласып, кішкентай балаларды таптап кете жаздаған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласындағы донерді тегін тарату сәтін телефонына түсірген қыздың өзі көпшіліктің арасында тапталып қала жаздады. Тегін тамақты алып шыққан асхана қызметкерін жастар қоршап алып, қолындағы донерге тап берген. Бір қызығы таласқандардың ішінде қыздар да бар. Соңында таратушылар келушілерді осымен тегін донердің таусылғанын айтып тыныштандырды.

Аталған видео желіде қызу талқыға түсіп, көпшілік тегін тамақ тарату ұйымдастырушыларын сынға алған. Олардың бірі «Тегін тамақты көшеде емес, жетімдер үйіне, қарттар үйіне, жағдайы төмен отбасыларына үйлестірмей ме, мынау не масқара, бұл енді ұят!» деп пікір қалдырған. Әрі көпшілік тегін асқа сонша таласқан жастарды да сынаған.

Донерге таласқан қалып, енді Қызылорда қаласының тұрғындары әуе шарлары үшін таласып, кішкентай балаларды таптап кете жаздаған.

Видеода қарашаның 5 күні «Магнум» супермаркетінің ашылу сәті түскен. Аталған шарада тұрғындар логотипі бар әуе шарларына таласқан. Халық шарларды алу үшін бір-бірін итеріп, араларында балалардың да бар екенін ұмытқан. Бұл талас тек облыс әкімі келерде ғана басылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау