Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 70 миллионға VIP нөмірлер сатып алған

Жыл басынан бері көлігіне әдемі нөмір таққысы келетіндердің есебінен қазынаға 70 миллион теңге түскен. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл екі есеге көбейген, деп хабарлайды КТК.

2017 жылдың қаңтарында 91 адам қымбат нөмір сатып алса, биыл олардың саны 244 ке жеткен. Бұған басты себеп сатылатымға түскен мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің көбеюі дейді мамандар.

Қазір 010, 020 деген сандар да саудаланып жатыр. Олардың бағасы арзанырақ. Мысалы, 001,007 деген нөмірлер алты жүз мың теңгенің көлемінде болса 010, 070 тер жүз отыз жеті мың. Сондай-ақ көлік иесі сатып алған нөмірінің әріптерін де өзі таңдай алады. Бірақ оған қосымша ақы төлеу керек.

Айта кетейік, былтыр бір жылда Алматыда 1442 нөмір сатылып қазынаға 500 миллионның үстінде теңге түссе, биыл бұл көрсеткіш миллиардтан асып кетуі әбден мүмкін.

“Қаңтар айынан бастап салық кодексінде өзгерістер енгізілді. Ол жерде жоғары сұраныстағы нөмірлер көбейді. Баяғыда шектеулі болса қазір көп. 020, 030 деген нөмірлер сатылымға шықты. Және әріп таңдау құқығы бар”, – дейді Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Аманбек.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да 7 жасар бла тоққа түсті: Дәрігерлер бір қолын кесіп тастауы мүмкін

Алматы облыстық әділет департаментінің қызметкерлері басшысының былығын әшкереледі

Пара алып сотталған Ерлан Біләл актер болып жұмыс істей береді

Талқылау