Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жолаушылар троллейбусына найзағай түсіп, көлік өртеніп кетті

Алматыда көктемгі жауын дүлей апатқа апарып соқтыра жаздады. Көшелерді су басып, жолаушылары бар троллейбуске найзағай түсті. Қоғамдық көліктің шатыры сол сәтте өртеніп кетті.

ортенген троллейбус

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Абырой болғанда, барлық жолаушылар көліктен түсіп үлгерді. Найзағай троллейбустың алдыңғы жағына түсіп, көлік істен шығып қалды. Соңғы жолаушы салоннан түсіп кеткеннен кейін, жүргізуші өрт сөндіруге кірісті. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Жалпы бұл күндері республиканың барлық аумағында жел күшейіп, күн күрт суытады. Облыстардың басым бөлігінде жауын-шашын шамадан көп жауған.

«Суық аймақтардан әуе массаларының келуі мен төмен температураға байланысты жауын молынан түсті», – дейді синоптик Арзыгүл Ілиева.

Естеріңізде болса, бұған дейін ҚазГидромет 18-20 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жария еткен болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Екібастұзда логопед тілі мүкіс баланы ұрып оқытқан

Ақтөбеде өгей шешесі сабап тастаған қызға туған анасы келді

Депутаттар шетелдің қымбат көлігінен түскісі келмейтін шенеуніктерді сынады

Көкшетауда әріптесін жалаңаш шешіндіріп қарға көміп өлтірген полицейге үкім шықты

Талқылау