Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда « жезөкшелік жеңгетайлықпен» айналысқан экс-полиция полковнигі сотталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «жеңгетайлықпен» айналысқан полицияның бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты.

1d3f3951e0b48219628b861e0960cb78

Бұл туралы аталған соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сотта жауапкердің полиция қызметкері бола тұра танысы мен бірге інісінің жеке үйін пайдаланып, жезөкшелік қызмет түрін ұйымдастырғаны анықталды. Сонымен қатар, ол танысына жыныстық қызмет көрсететін қыздарды жеткізу үшін жеке көлік тауып берген», делінген хабарламада.

Сот үкімімен жауапкер ҚР ҚК 235, 271-баптары бойынша айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда ұзақ уақыт бойы жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

Қазақстанда жеңгетайлықты кәсіп еткен ірі қылмыстық топ әшкере болды

Павлодарда жеңгетайлықпен айналысқан 23 жастағы бойжеткен ұсталды

Талқылау