Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жақсылық пен мейірімділік акциясы басталды

Шаһардың 1000 жылдық мерейтойына орай, Алматыда жақсылық пен мейірімділік акциясы басталды. «Алматының 1000 жылдығына – 1000 игілікті іс» жоспары аясында қаладағы G38 жастар ұйымы бизнес-қауымдастық, үкіметтік ұйымдар және белсенді қала тұрғындарымен бірлесе отырып, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсету жұмыстарын қолға алмақ ниетте.

0IeZW6Vscrw

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Акцияның мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, жалғаз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетімдер мен мүгедек балаларға, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету.

Бүгін, оқушылары сарайында бастау алған бұл акция, енді жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Жалпы, «1000 игілікті іс» акциясы аясында белсенділер қайырымдылық негізде азық-түлік таратып, үйлер мен аулаларды тазартады, шипажайларға арналған жолдамалар және дәрі-дәрмек сертификаттарын ұсынады.

Сондай-ақ, ауруханаларда емделуге, газеттерге жазылуға, әлеуметтік бейімделген дүкендерден тегін нан алып тұруға,  «Мейірімді жүрекпен» орталығы арқылы киім-кешек, тұрмыстық заттар, бұйымдар, тез бұзылмайтын азық-түліктер алып тұруға көмектеседі және мерекелік концерттер мен экскурсиялар ұйымдастырады.

Одан басқа, белсенділер жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, «Кеңес» орталығы арқылы оларға заңдық ақыл-кеңестер беру, сондай-ақ, аталған оқу орындарында дайындық курстарын ұйымдастыру жұмыстарын да қолға алады.

Алдағы уақытта, жұмыс жоспары келіп түскен ұсыныстар мен пікірлер негізінде әзірленетін болады.

Талқылау