Алматыда теракт ұйымдастырған Руслан Күлекбаевқа өлім жазасы тағайындалды

Сәрсенбі, 2 Қараша , 2016 10:21

Бүгін Алматыдағы ЛА 155/18 Тергеу абақтысында Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов Алматыда теракт ұйымдастырып, 10 адамның өмірін қиған Руслан Күлекбаевқа қатысты сот үкімін оқыды.

393967

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Руслан Күлекбаев ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы, 4-тармағы (лаңкестік акт), 99-бабы, 2-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-тармағы (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-б. 4-т. (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-б. 4-т. (заңсыз қару тасымалдау), 288-б. 2-т. (қаруды заңсыз жасау), 291-б. 4-т. (қару ұрлау), 200-б. 4-т. (көлік ұрлау), 126-б. 2-т. (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша, 58 бабының 4-бөлігін басшылыққа алынып, өлім жазасы тағайындалсын», – деді судья Ерлан Болатов.

Бұған дейін Күлекбаевтың сотта соңғы сөзін айтып, қандай жазаға дайын екенін мәлімдеген еді. Ал айыптаушы тарап сот басталған кезден-ақ қылмыскерді өлім жазасына кесу керектігін сұраған болатын.

Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында Сирияға кетуді арман еткен 33 жастағы азамат әйелін қан-жоса қылып пышақтап өлтірді

Оңтүстік тұрғыны үш баласы бірінен соң-бірі қайтыс болғаны үшін дәрігерлерді айыптады

Кореядағы секс-құлдықтан құтылған қазақ қызы сол жердегі отандастарының атынан көмек сұрады

Алматылық азамат Хэллоуин мерекесіне не үшін ұлттық киім кигенін түсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 8 күні кері

Олим жазасы Казахстан да жок едиго

Жұмбақ жан
1 ай 9 күні кері

Обал болыпты

Пррр
1 ай 9 күні кері

Несі обал, қолымен істегенін мойнымен көтерсін.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар