Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда субұрқақтарды сақтап тұруға 260 миллион теңге бөлінген

Алматыда субұрқақтар маусымы ресми түрде ашылды. 1 маусым күні қала әкімі Бауыржан Байбек Абай атындағы опера және балет театрының алдындағы субұрқақтың ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

гне

Сурет ilovealmaty.kz

Қазіргі таңда қалада 39 коммуналдық және 28 жеке субұрқақ іске қосылды. Қалған субұрқақтар 5 маусымға дейін қосылмақ. Коммуналдық субұрқақтардың жағдайы үшін осы жылы қалалық қазынадан 260 миллион теңге бөлінген.

Қаладағы алғашқы субұрқақ 1948 жылы Абай атындағы опера және балет театрының алдында пайда болған. Жалпы, шаһар аумағында 78 субұрқақ орналасқан болса, оның 46-сы – қаланың коммуналдық меншігіне кіреді, ал қалған 32 субұрқақ жеке иелікте.

Талқылау