Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өртенген «Адем-1» сауда үйінің бұрынғы бас директоры  жоғалып кетті 

Алматыда өртенген «Адем-1» сауда үйінің бас директоры және құрылтайшысы Ербол Тымбаев іс-түзсіз жоғалды.

Untitled-8

Бұл ақпаратты «Кәсіпкерлер мен меншік иелері одағы» Қоғамдық Бірлестігінің президенті Василий Резван  баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Біз қазір дабыл қағып жатырмыз. Бұған Алматы қалалық ІІД 2015 жылдың 14 қарашасындағы қаулысы негіз болып отыр. Оған тергеуші міндетін атқарушы, полиция майоры Сұлтанқұлов қол қойған. Қаулыда  «Құрылтайшы Ербол Тымбаевтың шешімімен «Алматы XXI ғасыр» ЖШС директоры лауазымына тағайындалған Зоя Замащикова қазіргі таңда Тымбаевтың қайда екендігінен бейхабар екендігін мәлімдеді” , деп жазылған.

Куәгер ретінде жауап алынған Зоя Замащикова сондай-ақ, бұл қызметке жалғыз құрылтайшы Ербол Тымбаевтың шешімімен 2015 жылдың 11 қыркүйегінде тағайындалғандығын айтқан. «Адем-1» сауда үйінің басқарушы компаниясы – «Алматы XXI» ЖШС құрылтайшысы Ербол Тымбаевтың осы сауда үйін басқару құқығын «Алип» компаниялар тобына өткізген. Зоя Замащикова болса, онда бір фирманың директоры болып қызмет атқарған. Сонымен, қазіргі таңда Тымбаевтың қайда екендігі беймәлім болып отыр», – деді В. Резван.

Сонымен қатар, ол «Алматы XXI» ЖШС банктегі барлық есеп айырысу шоттарының тұтқындалғандығын жеткізді. Және Василий Резван «Алматы XXI» ЖШС жаңа директорын осы жылдың қыркүйек айынан бастап, кәсіпкерлерден алынып жатқан жалдық төлемдерді өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге үлестіріп беруді сұрады.

2015 жылдың 26  сәуірде Алматыда «Адем-1» сауда үйі өртенген. Нәтижесінде 1600-ден астам сауда бутик жанып кетті.  19  мамырда зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында оперативтік штаб құрылды. Оның құрамына Алматы қ. Кәсіпкерлер Палатасының сарапшылары, зардап шеккен кәсіпкерлердің  және тиісті мемлекеттік органдардың ресми өкілдері енді. Күні бүгінге дейін кәсіпкерлер тарапынан өз құқықтарын қорғау мақсатында  668  өтініш келіп түскен. Соның ішінде 300 өтініш бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кәсіпкерлерге келтірілген шығынның көлемі 240 млн. теңгеден асты.

 

Талқылау