Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балағы тар шалбар киіп барған мектеп оқушысын сабақтан қуып жіберген

Алматы қаласының тұрғыны Фарида Қайсар 10 жасар қызын мектепте мұғалімі қуып жібергенін айтып, әлеуметтік желіде оқиғаны баяндап берді.

98da420612e376d705cd806c99420c8d

Фото: ortcom.kz

Фарида енді мектеп директорына тікелей барғаннан басқа амалы қалмағанын жазып отыр.

“Мұғалім қызымды астыңғы бөлігі тар шалбар киіп барғаны үшін кінәлап, сабақ ортасында шығарып жіберген. Менің қызым классикалық үлгідегі емес, ортасында жолағы жоқ шалбар киіп барған шығар, бірақ бұл мәселені шешудің бірнеше жолы бар ғой: Ауызша ескерту жасау; жазбаша ескерту жасау; ата-анасын шақыру деген сынды”, – дейді ол.

5

Фарида, баланы мектептен қуып жіберу – кәсібилікке жатпайды деп санайды. Ол мектеп директорынан мұғалімнің сыныптың көзінше қызынан кешірім сұрауын талап еткен.

“Қызым маған хабарласып, жағдайды баяндаған кезде қорқып кеттім. Ол бала ғой, мұғалімге ашуланып сол беті мектептен шығып, беті ауған жаққа кетіп қалса не болады. Неше түрлі ой келіп, бойымды қорқыныш билеп алды. Алайда ол тәрбиелі қыз, сондықтанда ешқайда кетпей, орындықта сабырмен күткен. Менде өз-өзімді ұстап, мұғаліммен кездесуге барғанымда, ол менімен тіпті сөйлескен де жоқ. Директорға барыңыз деді. Енді министрліктің сайтына кіріп, органдарға хабарласып, мектеп формасы туралы ережелермен егжей-тегжейлі танысамын. Шындап келгенде оған анасы дұрыс шалбар сатып әпермегені үшін, қызым кінәлі болуға тиісті емес ғой”, – дейді Фарида.

Ашулы ананың жазған жазбасы Фейсбук қолданушылары арасында қызу талқыланған тақырыпқа айналды. Олардың көбісі мұғалімге реніш білдірген Фариданы қолдаған.

Бұған дейін де осыған ұқсас оқиға орын алып, Астанада бірінші сыныпқа ақ бантиксіз барған оқушы алғашқы қоңыраудан қуылған еді.

Талқылау