Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоғамдық көліктерде қолма қол төлейтіндер үшін жол ақысы 120 теңгеге өсуі мүмкін

Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру үшін сараланған тариф енгізілуі мүмкін. «Көлік туралы» заңға өзгерістерді енгізу мәселесі парламент мәжілісінде бекітілген.

3529617caf5323ea709bdbef76e7f1df

Құжат қазір сенаторлардың қарауына жіберілген, деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Оңай» картасы бар азаматтарға уайымдаудың қажеті жоқ, олар үшін жол ақысы сол баяғыша 80 теңге болып қала бермек. Ал қолма-қол ақша төлейтіндер үшін билет құны 120 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Жаңа тариф сондай-ақ, бір реттік жол ақысын төлеп бірнеше бағытқа тегін қатынайтындарға қатысты болмақ.

«Бізде қазір 2-ақ түрі бар. Не сіз карточканы аласыз 80 теңгеден, немесе сіз пенсионер, оқушы болсаңыз, жеңілдетілген 1 айлық проездной аласыз. Енді қазір егер де сіз қоғамдық көлікті жиі қолданбайтын болсаңыз, сіз көрсетілген 10 жүріс, 50 жүріс дегендей карточка аласыз, 1 жылдың ішінде 10-ақ рет жүрсеңіз, бұл картока сізге 1 жылға жетеді. 1 айдан кейін күйіп кетпейді»6- дед3 Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Мақсұт Исахов.

Тағы бір жаңашылдық – қоғамдық көлікке аз мінетіндер бірнеше рет жол жүру картасына қол жеткізе алады. Демек, айына 5-6 рет автобусқа мінетін болсаңыз, соған сәйкес карта сатып аласыз. Жолаушылар мұндай өзгерістерді жақсы қабылдады. Олардың айтуынша, бұл – қолма-қол ақша төлеп, жүргізушіні мазалайтындар қатарын азайтуға ықпалдасады.

Осылайша, қала билігі тұрғындардың «Оңай» картасын көптеп қолдануына септігін тигізбек. Демек, бұл жүйе екі тарапқа да тиімді – жолаушылар қосымша 40 теңге төлемейді, ал тасымалдаушылар көлеңкелі табыстарын жасыра алмайды. Жаңа тарифтің нақ қашан енгізілетіні әзірге белгісіз. Құжат толық мақұлданғаннан кейін, өзгертулер мен толықтыруларды жергілікті мәслихат бекітетін болады.

Тағы да оқыңыз:

Алматыдағы 1-курс студентінің өліміне күдікті ақша бопсалаған болуы мүмкін

Алматылық ер адам 17 жыл бойы құлдықта болған

Қарағандыда 16 жастағы қызды интернетпен танысқан ер адам зорлап кетті

Талқылау