Алматыда қабырғасы қисайған үй түзетіліп, қайтадан сатылмақшы

Сейсенбі, 12 Шілде , 2016 22:01

Алғабастағы апатты деп танылған 9 қабатты үй ақыры бұзылмайтын болды. Оны «Астана құрылыс» компаниясы өз меншігіне алып, қайта қалпына келтірмекші,- деп хабарлайды КТК арнасы.

үййййй

Яғни қисайған қабырғаны түзетіп, қайта саудаға шығарады. Ал далада қалған 72 отбасыға дәл сондай 9 қабатты үй салынып жатыр. Оны құрылысшылар тәуелсіздік күніне тарту етеміз деп сендіруде.

Қабырғасы қисайып, құлаудың алдында тұрса да бұл үй бұзылмайды. «Астана құрылыс» компаниясы оны өз меншігіне алып, апатты нысанның кемшіліктерін толық жоямыз деп отыр. Себебі 32 сантиметрге ауытқыған нысан анау айтқандай қауіпті емес – дейді құрылысшылар.

“Қисайған үйлер болады. Жердің қыртысына байланысты. Шымкентте қисайған 16 қабатты үйді «ГидроСпецСтрой» деген компания түзеген. Мынау 32 сантиметр деген түк емес орнына қойылады”, – дейді

«Астана құрылыс» компаниясының бөлім басшысы Мейіржан Досанов.

Сондықтан қазір құрылыс компаниясы 72 пәтерлі баспананы бұрынғы тұрғындарынан қабылдап алып жатыр. Әзірге 42 отбасы жүктерін жинап, пәтерлерін толық босатып берген. Қалған отызы көшіп болғасын, қабырғаны қалпына келтіру жұмыстары басталмақшы. Тек содан кейін ғана 9 қабатты нысан сатылымға шығарылады. Тіпті апатты үйден пәтер алуға құрылысшылардың өздері де үмітті екен.

“Астана Құрылыстың” жеке меншігіне өтеді. Оны жоғарғы жақ шешеді. Сатамыз да, өзіміздің құрылысшыларға да береміз. Өзімізде ойлап жүрміз сол жерден бір пәтер  алсақ деп”, – деді «Астана құрылыс» компаниясының бөлім басшысы Мейіржан Досанов.

Баспаналы болуды армандаған құрылысшылар 72 отбасыға арнап жаңа үй салуға да кірісіп кетті. Қазір 9 қабатты нысанның шұңқыры қазылып жатыр. Осылайша жұмысшылар бас аяғы екі жарым айда қабырғасын құйып бітіреміз дейді. Ары қарай әрлеу жұмыстары жүргізіліп, желтоқсан айында жаңа баспана пайдалануға берілмекші.

Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Астана құрылыс» компаниясы 9 қабатты үйді жарты жылдың ішінде салып бітіреміз деп отыр. Ол үшін құрылысшылар да еш демалыссыз күндіз-түні екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр екен. Cондықтан далада қалған 72 отбасы ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында жаңа баспанаға кіріп, қоныс тойын тойлауы әбден мүмкін.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар