Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі дәрігерді өлімші етіп соққан адам ұсталды

Алматы полициясы жедел жәрдем дәрігерін аяусыз ұрған адамды ұстады.Ол қазір түсініктеме беру үстінде. Екі бірдей ақхалаттыны  соққыға жыққан 38 жастағы ер адам  екен.

қылмыс

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

«Наурызбай ауданы ІІБ қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол қазір түсініктеме беріп жатыр. 38 жастағы ер адам 72 сағат ішінде бұлтартпау шарасын тағайындау үшін сотқа жіберіледі», – деді қалалық ІІД басқарма басшысы Жанболат Зиадин.

Бұған дейін түнгі кезектегі екі дәрігердің соққыға жығылғаны жайлы хабарлаған едік. Оқиға  «Таугүл» шағын ауданында болған. Орта жастағы келіншек жүрегі ауырған соң жедел жәрдем шақыртқан. Бригада дәрігерлері кардиограмма түсіріп жатқан кезде 38 жастағы ер адам таспен шүйдеден ұрған. Оған көмекке келген фельдшер де сол жерде бірнеше рет соққыға жығылады.

25 жастағы дәрігер басынан жараланып ауруханаға түсті. Дәрігерлер 4 сағат бойы басына ота жасап, гематоманы алып тастады. Әзірге оның жағдайы ауыр. Коматозды жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Мамандар оның мүгедек болып қалуы мүмкін дейді.

Қазіргі кезеңде аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.

 

Талқылау